Медицина қызметкері өзінің кәсіби жолындағы басты төреші – бірінші кезекте, ар – ұжданы екенін ұмытпауы тиіс.
Дәрігер өзінің міндеттерін орындау барысында қоғамның адамгершілік – әдеп принциптері негізінде әрбір пациенттің тұлғасына, өміріне және беделіне құрметпен қарауы тиіс.
Дәрігер пациенттің өмірі мен денсаулығына қатысты өзінің шешімдері мен әрекеттері үшін толық жауапкершілікке тартылады. Ол өзінің қызметінде заңнамада белгіленген тәртіпте медицина ғылымының бұрыннан белгілі және жаңа жетістіктерін тиімді пайдалана отырып, кәсіби деңгейін жүйелі түрде жетілдіруге міндетті.
Дәрігер пациентке көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен имандылығы үшін, адамның өмірі мен денсаулығына қатысты араласудын кез келген кәсіптік әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылады.
Медициналық одақтың абыройы мен ізгі дәстүрлерін сақтауға, әріптестеріне құрметпен және адал ниетпен қарауға міндетті.
Дәрігердің көпшілік алдында басқа дәрігердің кәсіби біліктілігін кемсітуіне немесе күдік келтіруге құқығы жоқ.