Құрметті біздің оқырмандар, сіздердің естеріңізге сала кеткіміз келеді, қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізіледі. Қызылша - ауа-тамшылы жол арқылы таратылатын вирустармен шақырылатын жұқпалы ауру. Қызылша ауруы сәбилерде,жүкті әйелдерде және иммунитеті төмен адамдарда ауыр өтеді.Қызылша өкпенің қабынуы, энцефалит, склероздық, панэцефалит сияқты асқынулармен қауіпті.

Бүгінде электронды цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар ХҚО-ға бармай-ақ, таңдаған емханасына тіркеле алады. Ол үшін керегі : 1)Egov.kz электронды үкімет порталына кіру;

Алматы қаласы Әкімінің "Шеті жоқ қала" жобасын іске асыру шеңберінде 2019 жылы 17 тамызда "Денсаулық жолы" атты кең ауқымды акция өтті. Аталған акцияға жалпы практика дәрігерлері, невропатолог, кардиолог, психолог, тері-венерологиялық диспансерден және ЖИТС-орталығынан зертханашы мамандар тартылды.

Хабарландыру! Құрметті Кемел ауданының тұрғындары! Алматы қаласы Әкімінің «Шеті жоқ қала» жобасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы 17 тамызда сағат 09.00-дан 17.00-ке дейін Сіздер үшін профилактикалық медициналық тексеру жүргізіледі.

2019 жылы 12 наурызда Алатау ауданы Қарасу ш.а. № 179 жалпы білім беретін мектептің оқушылары мен ұстаздары арасында "Туберкулездің алдын алу – салауатты өмір салты!" тақырыбында СӨС кабинеті қызметкерлерінің және мектеп мейіргерлерінің қатысуымен семинар өтті.

2019 жылы 12 наурызда № 21 қалалық емханада және Қарасу отбасылық денсаулық орталығында қызметкерлер арасында "Салауатты үзіліс!" атты денсаулық минуты (сәті) ұйымдастырылды. Ол ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі"...

2019 жылы 13 наурызда № 21 қалалық емханада "Жан Ана" айлығы аясында эндокринолог дәрігердің қатысуымен көпбалалы аналарға арналған акция өтті. Аналар эндокриндік жүйесінің ауруларының анықталған белгілерін одан әрі тексеру және емдеу үшін дәрігердің кеңестері мен ұсыныстарын алды.

2019 жылы 13 наурызда № 177 жалпы білім беретін мектептің оқушылары мен ұстаздары арасында № 21 қалалық емхананың СӨС кабинеті қызметкерлерінің қатысуымен, Жетісу ауданы туберкулезге қарсы қызмет фтизиатр дәрігерлері мектеп мейіргерлерімен бірлесе отырып, туберкулездің алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді.

2019 жылы 7 наурызда № 21 қалалық емханада 8 наурыз - көктем, бүкіл әлемдегі барлық әйелдер мерекесіне арналған қызметкерлерінің салтанатты жиыны өткізілді. Алғашқы құттықтау сөзді бас дәрігер Н.Н. Рахальская айтты.

2019 жылы 01 наурызда емхананың бас дәрігері м.а. Н.Н. Рахальскаяның қатысуымен 01 наурыз - Алғыс айту күніне орай қызметкерлердің жалпы жиналысы ұйымдастырылып, өткізілді. Барлық келушілерді мерекемен құттықтай отырып, бас дәрігер осы мерекенің шығу тарихы туралы айтып берді.

2019 жылы 27 ақпанда № 21 қалалық емханада "Нұр Отан" партиясының XVIII съезіне орай бас дәрігер Н.Н. Рахальскаяның және құрылымдық бөлімше басшыларының қатысуымен ұйымдастырлған дөңгелек үстел өтті. Қазіргі уақытта Астанада саяси ұйымның 20 жылдығына арналған "Нұр Отан" партиясының XVIII съезд өтіп жатыр.

2019 жылы 26 ақпанда № 21 қалалық емханада "Ардагерлерді ардақтайық" атты партиялық жоба аясында Ашық есік күні өтті. Емханаға келген қарт кісілермен "Нұр Отан" партиясы туралы әңгімелер жүргізілді, "Нұр Отан" партиясы үшін 2019 жылы 1 наурыз атаулы күн - "Нұр Отан" партиясына 20 жыл толады.

2019 жылы 25 ақпанда № 21 қалалық емханада "Денсаулық 21" БПҰ төрайымы, бас дәрігердің м.а. Н.Н. Рахальскаяның және жас медициналық қызметкерлері – "Нұр Отан" партиясы мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

2019 жылы 11 ақпанда № 177 жалпы білім беретін мектепте № 21 қалалық емхананың СӨС кабинеті қызметкерлерінің қатысуымен Дүниежүзілік онкологиялық ауруларға қарсы күрес күніне орай мектеп оқушылары арасында "Бірге біз бәрін жеңеміз!" ұранымен өз денсаулығына құндылық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында флешмоб өтті.

2019 жылы 8 ақпанда № 177 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасында №21 қалалық емхананың СӨС кабинеті қызметкерлерінің қатысуымен "Денсаулық және менің отбасым" тақырыбында сынып сағаты өтті.