Алматы қаласы Әкімінің "Шеті жоқ қала" жобасын іске асыру шеңберінде 2019 жылы 17 тамызда "Денсаулық жолы" атты кең ауқымды акция өтті. Аталған акцияға жалпы практика дәрігерлері, невропатолог, кардиолог, психолог, тері-венерологиялық диспансерден және ЖИТС-орталығынан зертханашы мамандар тартылды. Олар келушілерге АИТВ және тері-венерологиялық ауруларына экспресс тестілеу, артериялық қысымды және көз қысымын өлшеу, қан құрамындағы қант және холестерин деңгейін анықтау, ЭКГ түсіру, флюрографиялық тексеру сияқты дәрігерлік шараларды көрсетті. Іс-шараға барлығы 130-дан астам адам қатысты.

Емхана қызметкерлері келушілер арасында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін айқындау тәртібі мен МӘМС жұмыс сызбасы, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, салауатты өмір салты туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізді.

Барлық жұмыс барысында арнайы ақпараттық-білім беру материалдары таратылды, акцияға қатысушылар тақырып бойынша ақпаратты қызығушылықпен тыңдады, өзекті мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жан-жақты түсінікті жауаптар берілді.