Құрметті біздің оқырмандар, сіздердің естеріңізге сала кеткіміз келеді, қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізіледі.

Қызылша - ауа-тамшылы жол арқылы таратылатын вирустармен шақырылатын жұқпалы ауру. Қызылша ауруы сәбилерде,жүкті әйелдерде және иммунитеті төмен адамдарда ауыр өтеді.Қызылша өкпенің қабынуы, энцефалит, склероздық, панэцефалит сияқты асқынулармен қауіпті.

Қызамық - көбінесе балалар мен жас адамдарды зақымдайтын вирустық жұқпалы ауру. Жүкті әйелдерде мерзімнен бұрын түсік тастау, босану және ұрықтың даму ақауларын тудыру қаупін күшейтеді.
Иммундауға жатады; 20-29 жас аралығындағы тұрғындар.

Екпені қайдан алуға болады: Екпе алу үшін тіркелген орны бойынша емханаға бару қажет. №21 қалалық емхана.

Сұрақтарыңыз болса осы нөмерге хабарласыңыз телефон: 384-28-58

Қызылша мен қызамыққа қарсы иммундау тегін жүгізіледі!

Ауруды емдегеннен гөрі алдын алу жеңіл!