Бүгінде электронды цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар ХҚО-ға бармай-ақ, таңдаған емханасына тіркеле алады.

Ол үшін керегі:

  • Egov.kz электронды үкімет порталына кіру;
  • «Денсаулық сақтау» бөліміне өту;
  • «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» қызметін таңдау;

Әрі қарай «Онлайн сұрау» батырмасын басып, өзіңіз жайлы деректерді көрсете отырып, өтінішті жолдайсыз.
Қызмет 1 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.

Бұл қызметті тұрғылықты мекен-жайыңыз өзгерген кезде немесе тіркелген емханаңызды өзгерткіңіз келген кезде (жылына бір рет) пайдалана аласыз,-деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.