Вакцинация (екпе егу) - бұл кейбір ауруларға жасанды иммунитет жасау; қазіргі кезде бұл жұқпалы аурулардың алдын алуда жетекші әдістердің бірі болып табылады.

Адам ағзасында вакцина (екпе) иммундық жүйеге жауапты реакцияны - меншікті қорғау факторларын - белгілі бір инфекциялық агентке антиденелерді тудырады. Осылайша арнайы иммунитет қалыптасады да, ағза осы ауруға шалдықпайды. Біздің иммундық жүйеміз "жақсы жадыға" ие, бұдан бұрын кездескен вирус пайда болған кезде оған қорғаныш факторларын тез әзірлейді және аурудың дамуына мүмкіндік бермей, ағзаға түскен қоздырғыштарды бірден жояды.

Екпенің қажеттілігі және зияны туралы әңгімелер ата-аналардың арасында қызу талқылануда. Ата-аналардың ішінде "балалардың денсаулығын сақтау" үшін кең иммундық алдын алудан мүлде бас тартуға шақырғандар да бар. Бірақ барлығының да қандай да бір себептермен жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары әлсірегенде, аурудың тікелей шабуылға шыққанына көз жеткізуге мүмкіндігі болды! Керісінше, жаппай екпе егу көптеген қауіпті инфекциялардан болатын ауруларды айтарлықтай төмендетуге және кейбірін (бірқатар елдердегі табиғи шешек - полиомиелит) жоюға мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы білім, әлемдік ғылым мен практика тұрғысынан баланың денсаулығы үшін алдын алу екпелерін егудің маңыздылығы туралы сұраққа тек оң жауап беруге болады.

Бүкіл әлем бойынша екпенің тиімділігін көпшілік мойындады - денсаулық сақтау саласында осындай әсерлі нәтижелерге әкелетін бірде-бір басқа бағдарлама жоқ. Өйткені екпелік алдын алу көмегімен жыл сайын өлім-жітім санын елеулі азайтуға болады, атап айтқанда, 4,5 млн. дейін адам өмірін құтқарып қалуға болады!

Екпе егудің мәнін жоғары бағалай отырып, екпе жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін дегеніміз дұрыс па? Әрине, жоқ. Бірақ екпе егуде асқынулар өте сирек кездеседі: жүздеген мың оқиғаға, тіпті миллиондаған екпе егуге кемінде бір жағдай келеді. Екпе егудің қажеттілігі мен пайдасы, олардың ықтимал қауіптілігіне қарағанда, орасан зор.

Екпе егуді таңдау туралы сұрақ отбасының жаңа мүшесі өмірге келген күннен бастап әрбірімізге қатысты. Екпелік алдын алудың маңыздылығын түсіне отырып, өлімге дейін апаратын қауіпті инфекциялардан өз баласын қорғау - бұл әрбір ата-ананың міндеті.

Екпені қашан және қалай жасау керек…

Әртүрлі елдерде екпелік алдын алу бойынша өздерінің ұлттық күнтізбелері болады. Қазақстанда мұндай күнтізбе балаларды 12 жұқпалы аурулардан міндетті түрде қорғауды қарастырады:
  • В гепатиті
  • Туберкулёз
  • Полиомиелит
  • Көкжөтел
  • Дифтерия (күл)
  • Сіреспе
  • Қызылша
  • Паротит
  • Қызамық
  • Тұмау
  • Пневмококктік инфекция
  • Гемофилді инфекция (қауіп-қатер тобындағы балалар үшін)

Балаға арнайы зерттеулер, қан және несеп талдауларын қоса алғанда, тіпті күрделі иммунологиялық зерттеулер екпе егу алдында талап етілмейді. Тек балада жіті аурулардың жоқ екеніне көз жеткізу үшін педиатрдың мұқият байқауынан өту керек.

Мынаны түсінген маңызды, бұл екпе – дәрігердің қисынсыз талабы емес, керісінше балаларды ауыр, жиі өлімге әкелетін аурулардан нақты қорғау мүмкіндігі.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА, БІЛІҢІЗ: БАЛАҢЫЗҒА ЕКПЕ ЕГУ АРҚЫЛЫ СІЗ ОНЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДАН ҚОРҒАЙСЫЗ.

ЕКПЕЛЕРДЕН БАС ТАРТУ АРҚЫЛЫ СІЗ БАЛАҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӨМІРІН ҚАТЕРГЕ ТІГЕСІЗ!

Мен, С. Ермаханова № 21 ҚЕ жұмыс істеймін. Мен – педиатр-дәрігермін, сондай-ақ, қосымша үш баланың анасымын. Менің барлық балаларыма екпе егілген және дендері сау. Менде, ана ретінде ешқашан екпенің мақсаттылығы жөнінде күмән болған емес. Ал дәрігер ретінде, мен жұқпалы аурудың қаншалықты қауіпті және жұқпалы екенін білемін. Менің ойымша, дәл осы екпелік алдын алу шараларының арқасында, бұл жұқпалы аурулар басқарылатын болды және бұл сырқаттанушылықтың жиілігінің төмендеуіне, тіпті көптеген қауіпті жұқпалы аурулардың жойылуына әкелді. Сондықтан аналарды екпе егу мәселесіне саналы түрде қарауға және белгілі бір шешім қабылдау алдына өкінішке орай, қазір интернетте толып жүрген жалған ақпараттар мен аңыздарды негізге алмай, шынайы фактілер мен дәлелді медицина мысалдарын назарға алуға шақырамын.