Қазақстанда 2020 жылдың 01 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру барысында бірде-бір адам медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылмауы тиіс. Сондықтан ШЖҚ "№ 21 қалалық емхана" КМК мамандарымен халық арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2020 жылы 22 қыркүйекте "Қарасу отбасылық денсаулық орталығы" филиалында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар әңгімеге белсенді араласып, сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді: медициналық сақтандыру дегеніміз не және ол әрбір азаматқа не береді, ТМККК және МӘМС пакеттері несімен ерекшеленеді, БЖТ дегеніміз не және оның мөлшері, өз мәртебесін қалай анықтау керек және т.б. әңгіме соңында ақпараттық-тарату материалдары таратылды.