Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында біз ауданымыздағы мектеп оқушыларының арасында суреттер байқауын жариялаймыз!

Байқау шарттары:

  • "Мемлекеттік рәміздер — мақтанышым" тақырыбында сурет салу.
  • Суретті Instagram желісіне ата-анаңның немесе үлкен бауырларыңның аккаунты арқылы @jetisy_aydany, @kokobayeva_gulnara парақшасын белгілеп жариялау. Суретте аты-жөніңді жазуды ұмытпа.

Байқау 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең— онлайн іріктеу, оның нәтижесінде Instagramда жарияланған суреттер арасынан 10 үздік жұмыс іріктеледі. Бірінші кезең 2 маусым күні кешкі сағат 20.00-де аяқталады.

2 кезең — оффлайн іріктеу. Бірінші кезеңнен өткен 10 суреттің авторы 4 маусым күні сағат 10.00-де Гүлдер саябағында танымал суретшілерден құралған қазылар алқасының алдында сурет салады. Бас жүлде иеленген жұмыс Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебіне қойылады, ал сурет авторы өнер мектебінің жазғы 1 айлық курсына жолдама жеңіп алады.

Қалған 9 жұмыстың авторына бағалы сыйлықтар табысталады.

Баршаңды байқауға қатысып, балалар арасында патриотизмді дамытуға үлес қосуға шақырамыз!