2016 жылы 19 мамырда «Парасат» клубының кезекті отырысы өтті. Клуб төрайымы Зоя Сергеевна Каневаның жетекшілігімен және клуб мүшелерінің күшімен 9 Мамыр–Ұлы Жеңіс күніне арналған шара өтті.Әкімшілік атынан емхананың бас дәрігері Нұржамал БисенқызыТүкеева құттықтау сөз сөйледі.

Клуб мүшелерінің кейбірі соғыс жылдарын еске алды, ол кезде олар 7 – 8 - 10 жастағы балалар екен. Ардагерлер «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен жас-кәріге қарамай еңбек еткендері туралы сөз қозғады.

Қарт адамдар мен «Жастар» орталығы еріктілерінің орындауында Ұлы Жеңіс, халықтар достығы, адамгершілік, кеңес дәуірі халқының өмір сүйгіштігі жайлы әндер айтылып, өлеңдер оқылды. Бүгінгі біздің бейбіт өміріміз үшін жанын құрбан еткен майдангерлерге арнап 1 минут үнсіздік жарияланды. Кездесу соңы «Катюша», «Смуглянка», «В землянке», «Священная война», «День Победы» және т.б. майдан әндерін шырқаумен аяқталды.