Бүгін Алматы қаласы №4 Қалалық емханаға құрамында С.С.Омаргалиев ("ОИАТ"АҚ), Ж.У. Кенжалина (Алматы қаласы ҚДБ), Б.С.Худияров ("Психоаналитикалық ассоциация" АҚ), Б.А.Аимбетова (ОФ ИПГИ "Үміт") қатысуымен мониторинг тобы келді, тұрғындардың аз мобилді тобына көрсетілетін медициналық қызметпен танысты.

№4 Қалалық емханада Surdo-Online жұмыс істейді. Бұл есту және сөйлеу ақауы бар пациент пен маман-оператор арасындағы қол қимылы арқылы бейнеконференция түріндегі қызмет. Осы бағдарламаның арқасында есту қабілеті бұзылған адамдардың сөйлесуге және білікті сурдоаударма алуга мүмкіндігі бар. Сонымен қатар лифт түймесінде, баспалдақта тактилді нүктелер, санитарлық-гигиеналық бөлмелерде құралдар, нашар көретіндерге арналған тактилді жолдар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус бар.