Алматы қаласындағы №4 қалалық емханаға Pfizer компаниясының COVID-19 қарсы "Комирнати" вакцинасының 60 дозасы жеткізілді, ол жүкті және бала емізетін әйелдерге, 12 мен 18 жас арасындағы балаларға жасалады. Вакцинация 2 рет, бірінші дозадан кейін 21-28 күн аралығында жасалады. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 20 қазан 2021 жылғы №46 Қаулысына сәйкес осы вакцинаны ала алады:

1. 12 жастағы және одан жоғары жасөспірімдер, 2.Жүктіліктің 16 мен 37 аптасы аралығындағы жүкті әйелдер. 3. Бала емізетін әйелдер - босанудан кейінгі кезең аяқталған соң (42 күннен кейін).

Соңғы екі апта бойы емханада Pfizer компаниясының COVID-19 қарсы "Комирнати" вакцинасы туралы ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. №4 ҚЕ 10 мектепке қызмет көрсетеді, онда 12 мен 17 жас аралығыдағы 4 540 бала оқиды. "Ертең біздің медицина қызметкерлері, эпидемиолог дәрігерлер, СӨС дәрігері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер оқушылардың ата-аналарына онлайн семинар өткізеді. Бүгін бала емізетін әйелдер, жүкті әйелдер, ЖОО мен колледж студенттері, сондай-ақ оқушылар екпе алды. Қазыргі кезде 40 жуық бала емізетін, 29 жүкті әйелден, 38 оқушының ата-анасынан келісім алынды", - дейді бас дәрігердің балалар бойынша орынбасары С.М.Мадьярова.

Вероника Букша Алматы қаласының №4 Қалалық емханасына тіркелген, 2 ай бұрын екінші сәбиін дүниеге әкелді. Вероника вакцина алған алғашқылардың бірі. "Мен бала емізетін анамын, сондықтан да баламды, өзімді, өз отбасымды қорғағым келеді, маған емханадан хабарласып, Pfizer бірінші компонентін алуға шақырды, өте қуаныштымын, коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуды күтіп жүргенмін, енді ондай мүмкіндік бар болғандықтан бірінші болып келдім",- дейді Вероника.

"Мен бұл вакцинаны күтіп жүргеніме көп болды, оны жүкті әйелдерге салады. Вакцина жеткізліген соң мені шақырды, міне бірінші компонентін салдырдым. Өткен жылы COVID-19 ауырдым, қаншалықты ауыр екенін білемін. Менің жанымдағылардың бәрі вакцина алды"- дейді Алтаева Қарлығаш.