ЖАДЫНАМА

Менингококк инфекциясы – ол басқа ауруларға қарағанда ауыр өтетін, жоғары өлім-жітіммен сипатталатын жіті инфекциялық ауру.

Беріледі: қарым-қатынас барысында сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде науқастан және менингококк ауруын таратушыдан ауа арқылы беріледі.

Клиникалық белгілері: дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріледі, қатты басы ауырады, жиі құсады. Бірақ міндетті түрде көңіл аудару керек болатын ең қауіпті симптом, ол – бөртпелердің пайда болуы нәтижесінде ұсақ қан кетулер. Алдымен бұл әр түрлі көлемді, тығыз пішінді бозғылт-қызғылт жолақ түрінде сезіледі. Әдетте бөртпе дененің төменгі бөлігіне – балтыр буындарда, балтырда, сан және құйрыққа шығады. Бөртпе көбейген сайын, аурудың болжамын жасауға болады.

Алдын алу шаралары:

  • Жеке гигиена ережелерін сақтау
  • Таза ауада баламен серуендеу, қоғамдық көлікте жол жүруден аулақ болу, адамдар көптеп жиналатын орындарда (дүкендер, базарлар, шаштараз және т. б.) ұзақ уақыт болуға болмайды.
  • Үйлер мен үй-жайларда желдету және ылғалды жинау режимдерін сақтау
  • Эпидкөрсеткіштері бойынша екпе жасау.

ЕРЕСЕКТЕРГЕ ҚАРАҒАНДА КӨБІНЕСЕ, БАЛАЛАРДА МЕНИНГОКОКК ЖҰҚПАСЫН ЖҰҚТЫРУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ!

КҮДІКТЕНУ КЕЗІНДЕ ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРЫҢЫЗ НЕМЕСЕ ЕМХАНАҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ. ЕГЕР АУРУДЫҢ СИМПТОМДАРЫ ӨТЕ ТЕЗ ӨССЕ, ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ШАҚЫРЫҢЫЗ НЕМЕСЕ НАУҚАСТЫ АУРУХАНАҒА ДЕРЕУ ЖЕТКІЗІҢІЗ!