Қант диабеті - инсулин деп аталатын гормонның жеткіліксіздігінен немесе толық жоқ болуы салдарынан қан құрамындағы глюкозаның артуына алып келетін (гипергликемия) созылмалы ауру.

Қант диабеті дамуының негізгі себептері

  • Артық дене салмағы
  • Қимыл-қозғалыстың аздығы
  • Рационалды тамақтану
  • Күйзелістер, ұзақ уақыт зорланып жұмыс істеу
  • Жүктілік кезіндегі қант диабеті (гестациялық қант диабеті)
  • Қант диабеті бар туыстарының болуы
  • 65 жастан жоғары жастағылар

Қант диабеті – бұл ерекше өмір салты, оны сақтау барысында асқыну қатерін нөлге дейін төмендетуге және өмір сапасының жоғары деңгейін сақтауға болады.

Қант диабеті симптомдары

  • Шөлдеу, ауыздың кебуі
  • Жиі зәр шығару
  • Әлсіздік, тез шаршаушылық
  • Жаралардың баяу жазылуы
  • Терінің құрғауы, қышыну
  • Салмақты тез жоғалту

Біліп жүріңіз! Дені сау адамдардың аш қарындағы глюкоза деңгейі 1 литрге 5,5 миллимольдан төмен болуы тиіс. Қант диабетінен сақтануға Салауатты өмір салты көмектеседі.

Қант диабетінің қалай алдын алуға болады?

  • дұрыс тамақтаныңыз (күніне тамақтану санын 5-6 ретке дейін ұлғайтып, бір кісілік тамақ көлемін қысқартыңыз)
  • рациондағы калориясы жоғары тағамдар санын қысқартыңыз
  • тез дайындалатын тағамдардан бас тартыңыз
  • дене салмағын қадағалап отырыңыз
  • оптималды дене белсенділігін қамтамасыз етіңіз
  • темекі тартудан және ішімдіктен бас тартыңыз
  • күйзелісті жеңе біліңіз

Қант диабетін ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден өтіңіз! Біздің емханада тіркелген тұрғындар үшін тегін скрининг жүргізіледі

І қабаттағы 10 кабинетте сағат 8-00 18-00 дейін