Жатыр обыры (басқаша атауы: жатыр эндометриясы обыры, жатыр денесі обыры - эндометрия қатерлі ісігі (жатыр қуысына төселген тіндер). Соңғы уақытта жатыр денесі обыры жиі кездеседі, бұл әйелдердің өмір жасының ұзаруымен де байланысты болуы мүмкін, себебі жатыр эндометриясы обыры етеккір үзілісі кезеңінде кездеседі және пациенттердің орташа жасы - 60-62 жас.

Алкогольді ішімдіктер бұрыннан-ақ бар. Ащы спиртті ішімдіктер әлем елдеріне тез тарады. Алкоголь біздің өмірімізге мықтап енді. Алкоголь туралы ескертулер тіпті балалар әдебиеттерінде де кездеседі. Ресейде әртүрлі уақттыа алкогольге деген көзқарас та әртүрлі болды. Алкогольге қатысты алғашқы әңгімелер де әртүрлі. Бірақ жасқа байланысты олардың сипаттамалық өзгерістері қадағаланып отырады.

ТЕМЕКІ ТАРТУ бұрыннан-ақ көптеген халықтар арасында зиянды әдеттердің бірі ретінде тамырын тереңге жайып таралып, қазіргі қоғамның эпидемиялық ауруына айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде еркектердің тең жартысы, әйелдердің төрттен бірі темекі тартады екен, сонымен қатар темекі тартушылардың жоғары пайызы әсіресе экономикалық дамыған елдерге тән.

ЖҚТБ — жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі. Бұл ауру адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) вирусы арқылы пайда болады. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышыиммун жүйесін әлсіретеді, соның нәтижесінде организм әртүрлі ауруларға қарсы тұру мүмкіндігін жоғалтады. ЖҚТБ терминімен АҚТҚ соңғы кезеңін белгілеген; ол адамның иммун жүйесінің зақымдалуымен сипатталады, соның салдарынан ілеспе өкпе, ішек-асқазан жолдары ағзалары...

Сүт безі обыры әйелдердегі қатерлі ісіктің жалпы құрылымында І орын алады. Сүт безі обыры анықталған әрбір үшінші әйел диагноз қойылған сәттен бастап бір жыл ішінде өмірден озады. Міне, статистика осындай өкінішке толы. Алайда, бір қарағанда бұл қиын болып көрінгенімен, соншалықты үмітсіз мәселе емес. Ретімен қарастырып көрейік. Біз сүт безі обыры анықталған адамдардың жазылмайтын дертке душар болғандығы туралы дақпырттан арылтқымыз келеді.

Тұмау жұқтырудың негізгі көзі ауру адам болып табылады. Тұмауға қауіпқатері жоғарылар тобына жататындар: кез келген жүктілік мерзіміндегі жүкті әйелдер; 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар; 60 жастан жоғары қарт адамдар, сонымен қатар қарттар және мүгедектер үйінің контингенті; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұратын созылмалы аурулары бар адамдар; денсаулық сақтау қызметкерлері.

Жүрек–қан тамыры аурулары (ЖҚА) жүрек және қан тамырлары аурулары тобын білдіреді, оған: жүректің ишемиялық ауруы, бас-би тамырларының ауруы, перефериялықартерия ауруы, ревмокардит, туа біткен жүрек ақауы, көктамыр тромбозы және өкпе эмболиясы, инфаркт пен инсульт жатады. Жүрек қан тамыры ауруларының қатер факторлары. Жүрек-қан тамыры аурулары қатерінің негізгі факторлары семіздік, дене қимылының аздығы, гиперхолистеринемия, шылым шегу...

Қызылша – вирус туындататын жұқпалы ауру. Қызылша симптомдары - бөртпе, жөтел, мұрын бітелуі, көздің сілемейлі қабығының тітіркенуі және дене қызуының көтерілуі. Ауру асқынатын болғандықтан қауіпті: пневмония, отит, тырысу, орталыұ нерв жүйесінің бұзылуы. Тіпті өлімге де әкелуі әбден мүмкін. Қызылша вирусы науқаспен байланыс кезінде ауа арқылы беріледі.

ЕКПЕ ЖАСАУ – қызылшадан қорғанудың бірден-бір жолы!

Не үшін қосымша иммунизация жүргізілуде


Республикада қызылша ауруы өршіп тұр. Екпе жасалмаған немесе толық екпе жасалмаған адамдар тобы бар. Ол бірінші кезекте өз балаларын екпе жасаудан бас тартатын ата-аналар санының ұлғаюымен байланысты. Қызылшадан қорғанудың жалғыз ғана тәсіліс екпе жасау болып табылады.

Қызылшаға қарсы қосымша екпе жасату қыызылша ауруымен аурудан сақтайды және төмендегідей асқынулардың дамуына жол бермейді:

  • соқырлық
  • энцефалит (мидың қыбынуын тудыратын инфекция), осының салдарынан есте сақтау қабілеті әлсірейді, ақыл-есі және психикасы бұзылады
  • соңы кеберсуге дейін әкелетін ауыр диарея
  • құлақ инфекциясы
  • пневмония сияқты ауыр репираторлық инфекциялар.

КІМ?

Бұрын қызылшадан екпе алғанына қарамастан және екпеге қарсы көрсетілімі жоқ болған жағдайда барлық 15-19 жас аралығындағы тұлғалар

Неліктен 15 пен 19 жас аралығындағы тұлғаларға екпе жасалады?

Қызылша ауруының жоғары деңгейде өсуі 15 жастағы және одан да жоғары жастағы тұрғындар арасында байқалады. Айтарлықтай осал контингент 15-19 жастағы тұлғалар – бұлар мектеп оқушылары, ЖОО/ООО студенттері, әскер қатарына шақырылғандар және қызылшаның тарауы мен зақымдану қатері өте жоғары ұйымдасқан ұжымдарда тұрақты түрде жүретін тұлғалар.


ҚАШАН?
2015 жылдың 1 қазанынан бастап


ҚАЛАЙ?
Қызылша екпесін иыққа бір реттік тері асты арқылы ине салу

Екпе қауіпсіз және тиімді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған


ҚАЙДА?
Ауылдық жерлердегі екпе егу пунктерінде, аудандық, қалалық амбулаторияларда, емханаларда және мектеп, колледж, лицей, жоғары оқу орындарындарда.

Сіздер екпе туралы қосымша ақпараттарды қалалық емханалардан немесе Жетісу ауданы бойынша Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттен және Алматы қаласы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасынан төмендегі сенім телефоны бойынша ала аласыздар: 8(727)-386-35-88

www.gp21.kz


Екпе тегін жасалады!
қызылшаға қарсы екпе жасатыңыз, бұл сіздің денсаулығыңызды сақтау құқығыңыз!

Скрининг – бұл ерте сатыда ауруларды немесе қауіп факторларын анықтау үшін белгілі бір жастағы дені сау адамдардың алдын ала медициналық тексерілуден өтуі, осылайша емдеудің тиімділігін арттыру және асқынудың дамуының алдын алу.

Скрининг ті жүргізу кезінде келесі жұмыстар жүргізіледі:

  • антропометриялық өлшеу (бойы, дене салмағы, бел ауқымы)
  • артериялық қысымын өлшеу
  • мақсатты тобына қарай зертханалық және аспаптық зерттеулерді тегін жүргізу
  • «№ 21қалалық емхана» ШЖҚ МКК Сіздер телімдік дәрігерге қарала аласыздар.

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы әйелдер мен еркектер:

  • қан құрамындағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау;
  • көрсеткіштері бойынша электрокардиография;
  • кардиолог пен эндокринологқа қаралу – көрсеткіші бойынша.

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68,70 жастағы еркектер мен әйелдер:

  • көзішілік қан қысымын өлшеу.

30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер:

  • патологиялық өзгерістердің жоқтығына көз жеткізу үшін жатыр мойны сүртінділеріне цитологиялық зерттеу жүргізу;
  • көрсеткіштері бойынша кольпоскопияжасау, акушер-гинекологқа қаралу.

50, 54, 58, 62 және 66 жастағы әйелдер:

  • сүт бездеріне рентгенологиялық зерттеу жүргізу (маммография);
  • көрсеткіштері бойыншамаммологтың, онкологтың қарауы.

50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы еркектер мен әйелдер:

  • тоқ ішек ауруларын ерте анықтау үшін жасырын қанға нәжісті тестілеу;
  • көрсеткіш бойынша тоқ ішекке эндоскопиялық зерттеу жүргізу (колоноскопия).

50, 54, 58, 62 және 66 жастағы еркектер:

  • простатқа қан талдамасын алу – өзіне тән антигендер және оның түрлері;
  • урологтың қарауы, көрсеткіші бойынша ультрадыбыстық зерттеу және биопсия.

50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы еркектер мен әйелдер:

  • асқазанға, өңешке эндоскопиялық зерттеу жүргізу (эзофагогастроскопия);
  • көрсеткіштері бойынша гастроэнтерологтың, онкологтың қарауы.

С гепатитін анықтау үшін еркектер мен әйелдер:

  • қанды альфа-фетопротеинге зерттеу;
  • бауырды ультрадыбыстық зерттеу.
  • Құрметті тұрғындар!

№ 7 кабинетте жыл сайынғыфлюорографиялық тексеруден өтуді ұмытпаңыздар, қабылдау уақыты: күнделікті сағат 8-00 бастап 14-00 дейін, сенбі және жексенбіден басқа

Әкімшілік

Жыл сайын есірткі миллиондаған өмірге балта шабады, әсіресе есірткіге құмарлықтың жастардың өмірін жылдам қарқынмен жалмауы үлкен алаңдатушылықты туғызып отыр.

Бұл ақпарат есірткі әкелетін қауіп-қатерлер туралы деректерді ұсынуға арналған. Төменде берілген деректерге мұқият назар аударыңыз да өз шешіміңізді қабылдаңыз. Өкінішке орай, көптеген адамдар есірткіқұмарлар мен есірткі сатушылардың қармағына тез ілініп қалып жатады.

Біз осы ақпарат

Сізді есірткіқұмарлардың біріне айналу мүмкіндігінен сақтайды деп үміттенеміз!

Есірткіні қолдану себептері:

· Құмарлық

· Өзіңе таныс емес сезімді сезінуді қалау

· Зерігу, бос уақытты қызықты өткізе алмау

· Ішкі шиеленістер: бақытсыздық, өмірге қанағаттанбаушылық, күйзеліс, үрей, шешімін таппаған мәселелерді ұмытуға тырысу, қарсылық сезімі

· Өзіне сенімсіз болу, ересек, күшті болуға, өз бетінше шешім қабылдауға тырысу

· Бір-біріне ұқсауға тырысу, әсіресе ол компанияға тән

Тіпті есірткіні бір-ақ рет қабылдау оған тәуелділікті туғызуы мүмкін!

Тәуелділік – бұл есірткіге «дағдылану», оны тұрақты түрде қабылдауға қажеттілік, себебі есірткі құралының әрекет ету мерзімі біткеннен кейін адам азапқа түседі, өзін нашар сезінеді, ол тек кезекті есірткі құралын қабылдағаннан кейін жақсарады. Тәуелділік түрлері:

1. Психикалық тәуелділік – бұл белгілі бір сезімді түйсіну үшін немесе психикалық жайсыздықтан арылу үшін үздіксіз немесе мерзімді түрде препаратты қабылдауға зиянды құмарлық.

2. Физикалық тәуелділік – бұл ағзаның есірткісіз қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтін жағдай, және ол жоқ болса «бас тарту» немесе абстиненттік синдромы дамиды. Есірткіні қабылдауды тоқтату мазасыздық, ұйқысыздық, қалтырау, буындар мен бұлшықеттердің ауруы, тырысу, жүрек-қан тамыры жүйесі және басқа ағзалар тарапынан бұзылулар сияқты әртүрлі реакциялардың тууына әкеледі.

ЕГЕР САҒАН ЕСІРТКІ ҰСЫНСА, НЕ ІСТЕР ЕДІҢ?

Әрине БАС ТАРТУ КЕРЕК, себебі оның спорттағы, оқу немесе болашақтағы жоспарларыңның іске асуына кедергі жасайтынын айт!

БАС ТАРТУ ТӘСІЛІ:

ü Сыпайы бас тарту: «Есірткіні пайдаланып көресің бе?» - «Жоқрахмет

ü Бас тарту себебін түсіндір: «Неге қолданып көрсейсің

- «Жоқ, рахмет, маған әлі өз денсаулығым керек».

- «Жоқ, рахмет, мен тартпаймын (ішімдік ішпеймін, есірткі тартпаймын)».

- «Жоқ, рахмет, бұл мен үшін емес».

ü Есірткі құралдарын тарататын және қолданатын орындар мен жағдайлардан аулақ жүр.

ü Қызығушылық танытпа. Саған есірткі ұсынса – көңіл аударма, қасынан өте шық.

ü Есірткі тартпайтындармен, оны тартпауға қатаң шешімі бар азаматтармен қарым-қатынас орнат.

Кеңес алу және қызығушылық туғызған сұрақтар бойынша жауап алу үшін №1, 4каб. келіңіз.

4. Қабылдауды психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер жүргізеді.

ТАҢДАУ ӘРҚАШАН ДА БАР!

ӨЗІҢ ТУРАЛЫ ОЙЛА!