Балалар мен жасөспірімдер қауіп-қатердің негізгі тәртіптік факторларына қатынасы бойынша қоғамның ең осал топтарының бірі болып табылады. Мемлекеттік деңгейде адекватты шараларды қабылдау үшін мектеп оқушыларының психологиялық сырқаттануы мен тәртіптік бұзылуларына біртіндеп талдау жасауды талап етеді. Барлық бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру үшін ата-аналарды, оқытушыларды, денсаулық сақтау саласы мамандары мен психологтарды, жұртшылықты белсенді түрде тарту қажет. Ел дамуының «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдық бағыттарының бірі ретінде Президент аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру маңызды компонент болып табылатын «Денсаулық, білім және азаматтардың амандығы» деп көрсетті. Осы стратегиядан шығатын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту бойынша бірінші кезектегі міндеттер туралы» Жарлық шығарды.

Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті, яғни елдің ересек халқы денсаулығының іргетасы бала жастан қаланады. Мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуының барлық перспективалары, халықтың өмір сүру жағдайының жоғары деңгейі, ғылым мен мәдениет дамуының жоғары деңгейі бүгінгі күнгі балалардың қол жеткізген денсаулығының қорытындысы. Соңғы жылдары байқалып отырған балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайындағы жағымсыз көріністер мемлекетке үлкен әлеуметтік және экономикалық шығын әкеледі. Бұл мынадай себептерге байланысты:

Балалар мен жасөспірімдер есірткі, темекі және алкогольдің әсерін өздерінде сынып көруге тырысатын қатерге барады, сөйтіп қауіп-қатердің негізгі тәртіптік факторларына қатынасы бойынша қоғамның ең осал топтарының бірі болып табылады. Бұрынғының жоғалып, жаңа идеология мен субмәдениетке сай жаңа ойын-сауық ұйымдарының шалқып дамуы, мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің нашар экономикалық базасы, балаларға (қызығушылығы бойынша) қосымша білім беру мен бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін жұмсалатын шығындардың жоғарылығына сай халықтыңтөлем қабілетінің төмендігі сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелермен байланысты жағдайдың қиындығы. Бүгінгі таңда психикалық және тәртіптік ауытқуы барлардың әрбір төртіншісі – бала. Дегенмен, жасөспірімдер арасындағы осы патологияның өсу қарқыны ересектерге қарағанда 2 есе жоғары. Әрбір сегізінші жасөспірім психика және жүйке жүйесі тұрғысынан әртүрлі патологияларға ие. Мынадай фактіні белгілеуге тура келеді, есірткі мен алкоголь сияқты психоактивті заттарды қолдану нәтижесінде психо-тәртіптік бұзылулары бар аурулар жылдам қарқынмен дамып келеді. Көпшілік баланың тәртібіне көптеген факторлар әсер етеді, солардың әсерінен жеке тұлға ретінде қалыптасуы, оның денсаулығы, психикалық және физикалық саулығы сақталады не бұзылады. Жасөспірімдер денсаулығына жасалған талдаулар жасөспірім-қыздар денсаулығының индекс деңгейінің төмендігін куәландырды, әрбір екінші қыз бала (46,9 %) қандайда бір аураға ие. Қаралған 100 мың қыздың 1466-да гинекологиялық патология байқалды. Олардың жартысы өсімпаздық жүйеде дисфункциялық жағдайға ие.

Балалардың, жасөспірімдердің және жастардың әумесерлік мінез-құлық себептеріне жүргізілген талдаулар келесі жетекші факторларды анықтады:

  • жағымсыз отбасылық орта;
  • өзара түсінушіліктің және ата-аналар тарапынан қамқорлықтың жоқтығы;
  • тәрбиедегі кемшіліктер;
  • күйзелістермен, қоғамдық міндеттермен күресуге қабілетсіздігі;
  • өмірлік дағдының жоқтығы, соның ішінде айналасындағылармен қарым-қатынас жасау дағдысы, әсіресе құрдастарымен;
  • қысымға қарсы тұра алмауы және өз бетімен шешім қабылдай алмауы, сондай-ақ сыни ойлауының дамымауы;
  • психоактивті заттарға қолжетімділік;
  • агрессиялық жарнамалардың болуы;
  • мемлекеттегі психологиялық көмек қызметінің нашар дамуы;
  • балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мәселелері.
  • Балалар мен жасөспірімдер біздің қоғамның ең осал әрі қорғансыз әлеуметтік тобы болып табылады. Оған дәлел ретінде балалардың, әсіресе әумесерлік мінез-құлқы бар балалардың мүддесін қорғайтын нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмегені болып табылады. Мектеп жасындағы балалардың психикалық саулығын сақтау және нығайту бойынша бірлескен күш жұмсаудың үлгісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы және Алматы қ. Білім беру департаментімен жасалған «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығын қалыптастыру үдерісіндегі мектеп психологиясы» атты бағдарлама болып табылады. Онда диагностикалық әдістер жинағы және білім беру мекемелерінің психологтарына арналған ұсынымдар бар. Бұл бағдарлама Алматы қ. 5 пилоттық мектебіне енгізілді. психоактивті заттарға қолжетімділік;
  • агрессиялық жарнамалардың болуы;
  • мемлекеттегі психологиялық көмек қызметінің нашар дамуы;
  • балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мәселелері.

Балалар мен жасөспірімдер біздің қоғамның ең осал әрі қорғансыз әлеуметтік тобы болып табылады. Оған дәлел ретінде балалардың, әсіресе әумесерлік мінез-құлқы бар балалардың мүддесін қорғайтын нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмегені болып табылады. Мектеп жасындағы балалардың психикалық саулығын сақтау және нығайту бойынша бірлескен күш жұмсаудың үлгісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы және Алматы қ. Білім беру департаментімен жасалған «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығын қалыптастыру үдерісіндегі мектеп психологиясы» атты бағдарлама болып табылады. Онда диагностикалық әдістер жинағы және білім беру мекемелерінің психологтарына арналған ұсынымдар бар. Бұл бағдарлама Алматы қ. 5 пилоттық мектебіне енгізілді. Бұдан әрі оны Қазақстанның басқа да өңірлеріне енгізу жоспарлануда. Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, Қазақстанның барлық мектептерінде факультативті болса да енгізілген валеология сабағында қарастырылады. ҚР БҒМ мен Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы бірлесіп, әрбір сыныпқа арналған оқулықтарды дайындады. Соңғы жылдары жалпы білім беру бағдарламаларына «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» пәні енгізілді, оның аясында төтенше жағдайлардағы оқушылардың тәртіп мәселесі қарастырылып, қауіпсіз тәртіп дағдылары үйретіледі. Жалпы білім беретін мектептерде мектеп оқушыларының тәртібіндегі өзгерістерге бағытталған басқа да пәндер жүргізіледі: жол қозғалысы қауіпсіздігі, құқықтық оқыту, гигиеналық оқыту, есірткі, АИТВ/ЖҚТБ профилактикасы, адамгершілік-жыныстық тәрбие, өзін-өзі тану. Қазіргі уақытта мектептегі білім беруді реформалау қарқынды жүргізіліп жатыр, барлық жүйе мектеп оқушыларына өмірлік дағдыларды үйретуге бет бұрды. Әумесерлік мінез-құлқы бар балалардың, жасөспірімдердің және жастардың мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін келесі қадамдар жасалуы тиіс:

мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолданыстағы білім беру бағдарламаларының тиімділігіне талдау жасау;

- қауіпсіз тәртіпке дағдыландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларына қатысты қолда бар бағдарламаларды біріктіру;

- әумесерлік мінез-құлқы бар балалардың тәртібін түзету, осы топтың білім алуы мен бос уақытын тиімді өткізуінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы білім беру және басқа да бағдарламаларды жасау;

- заңнамалық-құқықтық базаны жетілдіру;

- әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауы негізінде осындай балаларға қоғамның шыдамды қарым-қатынасын жасау;

- ата-аналармен мақсатты жұмыстар жүргізу, оларға арналған оқу бағдарламаларын жасау;

- Алматы қ. «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығын қалыптастыру үдерісіндегі мектеп психологиясы» пилоттық бағдарламасын зерделеу және тәжірибесін тарату.

Біздің емханада балаларға, жасөспірімдер мен жастарға арналған Денсаулық жастар мектебі (ДЖМ) жұмыс жасайды. Әрбір өтінішпен келген баланы, жасөспірімді педиатр-дәрігерлер, ЖПД дәрігерлері, гинекологтар, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер қабылдап, оларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді.

ДЖМ жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 8-00 - 18-00.

Жіті ішекинфекциялары (ЖІИ) адамның ағзасына ауыз арқылы келіп түсетін, әртүрлі бактериялар есебінен орын алатын жіті ішек инфекцияларының аурулар тобы. Олар дәреттің бұзылуымен қоса, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына әкеп соғады.

ЖІИ негізгі қоздырғыштары Enterobacteriaceae тобының өкілдері болып табылады, сонымен қатар басқа да микроорганизмдер, соның ішінде вирустық. ЖІИ этиологиясындағы криптоспоридияға үлкен мән береді. Ол асқазан-ішек жолдарының зақымдалуымен сипатталады. Көптеген жағдайларда диарея және ағзаның улануына әкеледі. Кейде патогендік және шартты патогендік қоздырғыштардың бөлінуімен – бактерияның (вирус иеленушілік) ілесуімен ауру ағыны симптомсыз жүреді. ЖІИ вирустық этиологиясында ішектің зақымдануымен қатар жоғары тыныс жолдары: ауыз вирусы инфекцияларында - таңдай, доғашық, тілшік, ал аденовирустық инфекциялары кезінде - трахеобронхит тарапынан өзгерістер байқалады.

Жіті ішек инфекцияларының алдын алу кездейсоқ және топтық аурулардың тууы кезінде сырқаттанушылық деңгейіне тәуелсіз тұрақты түрде жүргізілетін жалпы санитарлық және медициналық іс-шаралардан тұрады. Алдын алу шаралары кешенінде инфекцияның таралу жолдарын бөгеуге бағытталған санитарлық-гигиеналық шаралар негізгі болып табылады. Ішек инфекцияларының алдын алу ісінде медициналық шаралар жалпы санитарлық шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады, олардың мақсаттылығы мен тиімділігін анықтайды. Науқас адамдар әрқашан медициналық көмекке жүгінбейді; жиі туыстарының, таныстарының кеңесі бойынша үй жағдайында «емделеді». Бұл жағдай науқастарды уақтылы анықтауды қиындатады және инфекцияның таралуына ықпал етеді.

Жіті ішек инфекциялары ауруларының алдын алу үшін бірінші кезекте жеке бастың гигиена ережелерін сақтау қажет, әсіресе ыстық жаз айларында. Құдықтан, бөгеттен, өзендер мен басқа да су қоймаларынан қайнамаған суды ішуге болмайды. Алайда ашық және лас ыдыста сақталған қайнаған судың өзі де лас әрі зақымдану көзі болуы мүмкін.Жеміс-жидектер мен көкөністерді суық су ағынында немесе ыстық сумен мұқият жуу керек. Әсіресе, жылулық өңдеуден өтпейтін (нан, көкөністер, жемістер және т.б.) тағамдарға пайдаланылатын азық-түліктің тазалығын қадағалап отыру өте маңызды. Барлық тез бұзылатын азық-түліктерді, дайын тағамдарды тоңазытқышта сақтау керек, яғни 8С жоғары емес температурада – суық азық-түлікке түскен микробтардың көбеюін тежейді. Шыбындардың – инфекция таратушы екені баршаға мәлім. Сонда да олар елді мекендерде өте көп, әсіресе ауылдық жерлерде. Алайда осы насекомдармен күрес үлкен шығынды немесе күрделі жұмысты қажет етпейді. Қоқыс жинағыштар, дәретханалар және т.б. қоғамдық орындар қаншалықты лас болса, шыбындардың көбеюіне соншалықты жағдай жасалған деуге болады. Қорытынды өзінен-өзі шығады: тазалықты сақтау, азық-түлікті дұрыс сақтау және қалдықтарды уақтылы шығару қажет. Шыбындар үйге кірмеуі үшін терезелерге тор құру және дезинсекциялық құралдарды қолдану керек.

Қарапайым гигиена ережелерін сақтай отырып, жіті ішек инфекцияларымен зақымданудан және аурудан сақтануға болады.

ӨЗДЕРІҢІЗДІ ЖӘНЕ ӨЗ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ САҚТАҢЫЗДАР!

Қазақстан Республикасы өңірлерінде Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыру аясында Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай (2015 жылғы 31 мамыр) «Темекі өнімдерін заңсыз сатуға жол жоқ!» деген ұранмен онкүндік өтіп жатыр. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі қоғамда темекі тартудың әлеуметтік лайықты беделін құру, салауатты өмір салтын қалыптастыруда үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-қауымдастықтардың қатысу белсенділігін арттыру болып табылады. Бағдарлама мақсаты: 2015 ж. қарай 30 минуттан кем емес уақыт күнделікті дене шынықтырумен айналысатын тұлғалардың үлесін 35,5 % дейін арттыру, темекі тартушылардың санын 26,5 % дейін, ал алкогольді тұтынуды 5 % дейін төмендету.

Халықаралық күн мен онкүндіктің міндеттері мен мақсаты: халықты темекі өнімдерін заңсыз саудаға салумен байланысты денсаулыққа тигізетін зияны туралы халықтың ақпараттану деңгейін көтеру, әсіресе осы өнімнің үлкен қолжетімділігі мен бағасының қолайлылығына байланысты жастар мен халықтың табысы төмен топтарына; халықты темекінің адам денсаулығына қайта қалпына келмейтіндей әсер ететіндігінен хабардар ету; халықты темекі тартуды төмендетуге бағытталған әрекеттерге жұмылдыру, салауатты өмір салтына тарту, өз денсаулығына және заңды орындауға деген азаматтық жауапкершілігін арттыру. Адам ерте жастан-ақ, темекі тартуға әуестенуі мүмкін. Жүктілік кезінде темекі тарту жатырдағы балаға үлкен зиянын тигізеді және темекі тартумен байланысты теңсіздік өмір бойы асқынған түрде жалғасып келеді. Жоқ дегенде, 40% аса баланың ата-анасының бірі темекі тартады, тұрақты түрде балалардың тең жартысы қоғамдық орындарда темекі түтінімен ластанған ауамен демалады. Үйінде темекі тартпайтын отбасына қарағанда, әлсіз топ балаларының темекі тартатындардың ортасында өмір сүруі, олардың темекіге қызығушылығын екі есе жоғарылатуы әбден мүмкін. 2015–2020 жж. арналған балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғаудың Еуропалық стартегиясы 2000 жылдары және одан кейін дүниеге келген барлық балалардың кейін есейген кезде темекі тартпауына, өздерінің қартайған шағын темекі сирек кездесетін континентте өткізуіне, темекі түтіні тура және жанама әсер етпейтіндей еркін өмір сүруіне бағытталған. Темекі тартатындардың көпшілігінің, 18 жасқа толмай жатып темекі тартуды бастайтыны туралы факт көптеген елдерде темекіні жеткізуге жастық шектеу қою керектігін ескермегенін көрсетеді.

Темекі тарту (немесе қарапайым тарту) — шірітіп кептірілген немесе өңделген темекі жапырақтарының түтінін, көбіне сигарет, сигар, сигарилл, темекі тарту мүштегі немесе кальян түрінде жұту. Кейбір ұлттарда темекі тарту салт болып табылады. ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтеріне сәйкес әлемнің ересек жастағы ер азаматтарының үштен бір бөлігі темек тартады екен. Темекі тартуды Американы ашқаннан кейін Колумб Испанияға әкелді, кейін ол Еуропаға және сауда арқылы өзге әлемге тарады. Темекі түтіні аддиктивті стимулятор болып табылатын алкалоид, никотин сияқты заттардан тұрады, сонымен қатар әлсіз тоқмейілсуді шақырады. Никотиннің әсері мазасыздану, тiтiркену, ойлау қабiлетсiздiгі сезімдерін уақытша төмендетеді, бұл жүйелі және тұрақты түрде темекі тарту кезеңінен кейін, тіпті белгілі бір қысқа мерзімде темекіден бас тартқанда да пайда болады. Дегенмен, никотин темекіні бұрын пайдаланған адамдардағы қорқыныш, тітіркену сезімдерін төмендетпейді. Медициналық зерттеулер темекі тартумен байланысты денсаулыққа зиянын тигізетін аурулардың пайда болатындығын айтады, олар: обыр және өкпе эмфиземасы, жүрек аурулары және денсаулыққа қатысты басқа да мәселелер. ДДСҰ мәліметтері бойынша, XX ғасыр бойы темекі тарту бүкіл әлем бойынша 100 миллион адамның мезгілінен бұрын өлуіне себеп болған және XXI ғасырда олардың саны миллиардқа дейін өспек.

№ 21 емханада Темекіге қарсы кабинет жұмыс істейді. Бұл жерде Сіздер темекіден бас тартқан жағдайда психологиялық көмек аласыздар. Қабылдауды психолог С.Н. Абдулова жүргізеді. Жұмыс кестесі: дүйсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 08-00 бастап 10-30 дейін.

Сонымен қатар, қауіп-қатердің мінез-құлықтық факторлары мектебі апта сайын сәрсенбі күндері № 69 кабинетте сағат 12-00 жүреді.

Гипертония– жоғары қан қысымы ретінде де белгілі – инфаркт, инсульт және бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы қатерді арттырады. Қадағаланбаған гипертония соқырлыққа, аритмия және жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Даму қатерлері диабет сияқты, қатердің басқа да жүрек-қан тамыры факторлары болған жағдайда осы асқынулар арта түседі.

БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

  • Өз қан қысымыңды білу – жоғары қан қысымы қандай да бір симптомдармен білінбеуі мүмкін, бірақ кенеттен инсультке немесе инфарктке әкелуі мүмкін.
  • Қандағы қант деңгейін білу – қан құрамындағы глюкозаның жоғары болуы (диабет) инфаркт пен инсульттің даму қатерін арттырады. Егер сізде диабет бар болса, өзіңіздің қан қысымыңыз бен қандағы қант деңгейін қадағалап отыру өте маңызды.
  • Қандағы холестерин деңгейін білу – қан құрамындағы холестериннің жоғары болуы инфаркт пен инсульттің даму қатерін арттырады. Дұрыс тамақтанудың көмегімен қандағы холестерин деңгейін қадағалап отыру қажет.

ГИПЕРТОНИЯ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Гипертонияның даму қатерін төмендетуге болады:

  • күнделікті тұз мөлшерін азайту
  • тамақты теңдестіру
  • алкогольден бас тарту
  • тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысу
  • қалыпты дене салмағын сақтау
  • темекі тартудан бас тарту.

АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМЫҢЫЗДЫ ӨЛШЕҢІЗ!

ГИПЕРТОНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ЖӘНЕ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ!


ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ

Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығы туралы айтқанда, тек ауруының және репродуктивті жүйедегі физикалық ақаулардың, оның қызметі немесе үдерісіндегі бұзылулардың жоқтығы ғана емес, толық физикалық жағдайы, рухани және әлеуметтік саулығы қарастырылады. Әйелдердің репродуктивті қызметіне әсер ететін аурулар қатарына экстрагенитальді аурулар (тыныс ағзаларының аурулары, жүрек-қан тамыры жүйесі, онкологиялық аурулар, асқазан-ішек жолдары және зәр шығару жүйесі аурулары), сонымен қатар ЖЖАБИ, АИТВ/ЖҚТБ, туберкулез және басқа да патологиялық жағдайлар қатары жатады.

Репродуктивті денсаулықты қорғау – бұл репродуктивті денсаулықпен байланысты мәселелердің алдын алу және оны шешу жолдары арқылы репродуктивті денсаулыққа қолдау көрсететін және отбасы немесе жеке адамның саулығына ықпал ететін факторлардың, әдістердің, процедуралар мен қызметтердің жиынтығы. Халықтың денсаулық жағдайына 4 факторлар тобының әсер ететіні белгілі, солардың ішінде негізгі топты қауіп-қатердің мінез-құлықтық факторы(55-60%), немесе әйелдер мен ерлердің өмір салты, қоршаған орта факторы (20% - экологиялық факторлар), генетикалық (15-18%) және медициналық(10%) факторлар құрайды. Осы әдістемелік ұсынымдарында ДББА мамандарының күнделікті жұмысында МСАК деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс аурулардың бастапқы және екінші реттік профилактикасы бойынша қарапайым, қолжетімді, мақұлданған және дәлелді профилактикалық іс-шаралар берілген.

Бронх демікпесі – тұншығу ұстамасымен сипатталатын тыныс жолдарының ауыр созылмалы ауруы.

Бронх демікпесі уақтылы және дұрыс жоспарланған профилактика шаралары арқылы алдын алуға болатын аурулар қатарына жатады. Дегенмен профилактика және ем 3 деңгейде жүргізіледі.
Бастапқы профилактиканың мақсаты – дені сау адамдардағы демікпенің алдын алу және осы факторлармен күреске бағытталған.

Балалардағы профилактикалық шаралар:
- Емшек сүтімен тамақтандыру – сәбиді ана сүтінен ерте айыру және қосымша тамаққа үйрету – бронх демікпесі дамуына әкелетін қауіп-қатер факторы болып табылады, әсіресе егер сәби жоғары аллергендік өнімдерді қабылдаса (цитрус, шоколад, жұмыртқа, жаңғақ және т.б.)
- Бала өміріне демікпенің енуіне қолайлы жағдай туғызатын қатер факторларының бірі – темекі түтінімен тыныс алуы (бала отырған жерде ата-ананың немесе ересектердің темекі тартуы), демікпені қоздыратын химиялық заттардың болуы.
- Тағы бір қатер факторы – тыныс жолдарының созылмалы ауруларына профилактика: жиі әрі ұзаққа созылған бронхит, тонзиллит, синусит, аденоид және т.б..

Ересектерде демікпенің алдын алу келесіден тұрады:
- Тыныс жолдарының созылмалы ауруларына профилактика. Демікпе дамуына әкелетін қатер факторлары – созылмалы бронхит, пневмония және т.б.
- Демікпені қоздыратын заттармен ұзақ байланыста болу (темекі тарту, жұмыстағы және тұрмыстағы химиялық заттар).
Екінші реттік профилактиканың мақсаты – сенсибилизацияланған, бірақ әлі демікпемен ауырмаған тұлғалардың демікпе алдындағы кезеңде ауруының алдын алу.

Осы кезеңдегі қатер факторлары:
- Әртүрлі аллергиялық ауруларының болуы (тамақ аллергиясы, аллергиялық ринит, экзема және т.б.)
- Тұқым қуалаушылық. Бронх демікпесімен ауырған туыстарының болуы.
Демікпенің үшінші реттік профилактикасының мақсаты – қалыптасып қалған аурудың ауырлығын азайту, оның қабынуының алдын алу.
Сондай-ақ, қандай аллергеннің демікпе ұстамасын шақыратынын нақты анықтап алу қажет. Бұл кезеңдегіқатер факторы – науқастың жалпы тәртіптегі аллергендермен байланыста болуы (жануарлардың жүні, үй шаңы, кейбір тағам түрлері, өсімдіктердің тозаңдануы, микрокенелер және т.б.)

Демікпенің алдын алу шараларын дұрыс жүргізу тек аурудың тууының алдын алып қана қоймайды, оны тиімді емдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда Х Еуропалықиммундауапталығы (ЕИА) басталды.
Иммундауғатұрғындардыңназарынаударужәнеоныңмаңыздылығытуралыхабардарлығынарттыружолыменекпеменқамтудеңгейінарттырудыкөздейтін шара республика бойыншаағымдағыжылғысәуірдің 20-25-сі аралығындаөткізілетін болады.

2015 жылғы Қазақстандағы Еуропалық иммундау апталығы «Алдын алу, қорғау, егу» ұранымен өткізіледі. Іс-шара аясында емханада мамандар консультация беретін ашық есік күні, халық көп жиналатын жерлерде тақырыптық видео- және аудиороликтер көрсетіліп, иммунопрофилактиканың пайдасы туралы дәрістер оқылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, әлемде жыл сайын 1,5 млрд. адамға (жер бетіндегі жалпы халықтың 1\3 бөлігі) екпе жасалады. Көкжөтел, полиомиелит, сіреспе, дифтерия, қызылша, қызамық және эпидемиялық паротит сияқты ауруларға қарсы жоспарлы иммундау шаралары жыл сайын әлемде 3 млн. адамның өмірі мен денсаулығын сақтап, 750 мың баланы мүгедектіктен қорғайды. Қазақстанда жыл сайын 5 млн. адамға, оның ішінде 1,3 млн. балаға инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасалады. Иммунопрофилактика саласындағы мемлекеттік саясат аурудың алдын алуға, ал елге сырттан әкелінген жағдайда оны таратпауға және жоюға бағытталған. Тұрғындарды вакцинациялау Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес 21 инфекциялық ауруға қарсы тегін жүргізіледі. ТМД елдері бойынша ең үздіктердің бірі саналатын Қазақстанның Ұлттық екпе күнтізбесі ДДҰ талаптарына сай келеді, сондай-ақ дамыған елдердің (Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапония) көпшілігінің иммундау кестесіне ұқсас. Айырмашылығы, Қазақстанда ол елдерге тән инфекцияларға (шешек, ротавирустық инфекция, жапон энцефалиті, безгек) қарсы вакциянациялау жүргізілмейді.

Республикада тұрғындарды иммундауға ҚР-да мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар ғана пайдаланылады. Оған қоса, балаларды кепілдік берілген вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өндірісін ДДҰ сертификаттаған вакциналарды ғана сатып алады. 2013 жылдан бастап Қазақстанға әкелінетін вакцинаның әрбір партиясы үшін олардың қауіпсіздігі мен сапасын міндетті түрде сертификаттау талабы енгізілді. Қазақстанда тұрғындарды жоспарлы иммундау шарасын өткізу вакцинамен басқаруға болатын көптеген ауруларды азайтуға мүмкіндік берді. Айталық, қызылшамен ауыру 10 есеге; қызамықпен ауыру - 68 еседен аса; эпидемиялық паротит - 110 еседен астам; «В» вирустық гепатиті тұрғындар арасында 30,6 еседен астам, ал аталған инфекцияға қарсы егілетін балалар арасында 200 есеге азайды (вакцинация 1998 жылдан енгізілді).

Қазақстан 2002 жылдан полиомиелиттен азат аумақ ретінде сертификатталды. Соңғы алты жылішінде дифтериямен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ.

Еске сала кетейік, иммундау апталығы ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының бастамасымен соңғы он жыл ішінде (2005 жылдан) сәуір айының соңында өткізіліп келеді. Жыл сайын ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросына мүше 53 мемлекет ЕИА-на қатысады. Соңғы жылдары бұл бастамаға өзге құрлықтарда орналасқан елдер де қосылуда.

Құрметті ата-аналар!
Осы мақаланы оқығаннан кейін, Сіздер жұқпалы аурулардың қаншалықты қауіпті екенін және олардың қалай алдын алуға болатынын түсінді деп үміттенеміз. Өз балаңыздың денсаулығы Сіздің қолыңызда. Балаңыздың уақтылы екпе алып, еліміздің дені сау азаматы болып өсуіне көмектесіңіз!

Иммундауға қатысты барлық сұрақтар бойынша телімдегі ЖПД дәрігеріне жолығуға болады.

Ем-шара кабинеті (балалар) № 12   Жұмыс уақыты: 08.00-18.00   08.00-18:00   08.00-18:00   08.00-18:00   08.00-18:00
Ем-шара кабинеті (ересектер) № 54    Жұмыс уақыты: 10.00-17.00   10:00-17:00

Құрметті емделушілер жүрек – қан тамыры жүйесі ауруларымен диспансерлік есепте тұратындар (Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, жіті миокард инфарктын, жіті ми қанайналымы бұзылуларын алған емделушілер).

№ 21 қалалық емхана міндеттейді:

  • өз дәрігеріңізге тұрақты түрде қаралып тұрыңыз және уақтылы тегін дәрі-дәрмекті алып, оларды ішіңіз;
  • ауруды асқындырмау немесе денсаулық жағдайыңызды нашарлатып алмау үшін дәрігердің нұсқауларын сақтаңыз (лайықты диетаны, тамақтану, еңбек және демалыс режимдерін сақтаңыз, жаман әдеттерден бас тартыңыз).
  • Сіздерді жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алу үшін Денсаулық мектебіне келуге шақырамыз. Мұнда Сіз өзіңізге қажетті білім мен дағдыны аласыз.
    № 69 кабинетте орналасқан Денсаулық мектебі апта сайын сейсенбі күндері сағат 15.00-тен бастап жұмыс істейді.
    Сабақты тәжірибелі дәрігер мен психолог жүргізеді.

    ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ КҮТІҢІЗ!

Сенің тамағың ет, балық, сүт өнімдерінен және нан, жарма, көкөністер мен жеміс-жидектерден тұруы қажет екенін естен шығарма! Сенің денсаулығың үшін нәрлі заттардың дұрыс қатынасы маңызды болып табылады: ақуыздар, майлар мен көмірсулар, таптырмайтын амин қышқылдары, дәрумендер, май қышқылдары, минералдар мен микроэлементтер.

Тағам мөлшерінде мына азық-түліктер міндетті түрде болуы тиіс:

  • Сүт және сүт қышқылды сусынлар
  • Сүзбе
  • Ірімшік
  • Балық
  • Ет өнімдері
  • Жұмыртқа
  • Сары май
  • Өсімдік майы
  • Қаймақ
  • Нан
  • Жармалар
  • Картоп
  • Бал
  • Кептірілген жемістер

Мектеп оқушыларына арналған қарапайым ережелер:
1. Тағам әртүрлі болуы тиіс
2. Ас қабылдау кезінде сөйлемеуге және оқымауға тырсыңыз
3. Кішкентай бөлшектермен, асты мұқият шайнап жеңіз
4. Тұзды, майлы және қуырылған тамаққа әуестенбеңіз
5. Кондитерлік өнімдер – өте дәмді, бірақ пайдалы емес
6. Шөлді басудың ең басты құралы – қайнаған, сүзілген немесе газдалмаған бөтелкедегі су
7. Фаст-фуд, чипсы, кириешка, тәтті газдалған сусындардан бас тартыңыз
8. Жемістер мен жидектер – бұл денсаулықтың кепілі.

ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН – СЕНІҢ ЖАНЫҢНЫҢ ДА, ТӘНІҢНІҢ ДЕ САУЛЫҒЫ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ТАҒАМ НЕГІЗДЕРДІҢ НЕГІЗІ!

Бағдаршам «атайдың» жас жүргіншіге кеңесі:

  • Жол үстінде және жолға жақын жерде ойнама – бұл қауіпті!
  • Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда ғана жолдан өт!
  • Көшеден өткенде бағдаршам бар жерден немесе арнайы жүргіншілерге арналған
  • жерден өт!
  • Көлікке отырарда және шығарда оның толық тоқтауын күт!
  • Жеңіл автомобильге отырғанда, артқы орынға жайғас және есіктің дұрыс
  • жабылғанын тексер, қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытпа!
  • Қозғалып келе жатқан көліктің терезесінен басыңды шығарма!
  • Велосипедпен, дөңгелекті конькимен және скейтбордпен көлік жүретін жолда
  • жүрме!

Өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қараңыздар!