2024 жылдың 24 сәуірінде калалық №164 жалпы білім беретін мектеп базасында вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы иммундау мәселелері бойынша ақпарат жеткізу мақсатында тіркелген тұрғындар мен ата-аналардың қатысуымен семинар өтті. Бұл іс-шара Алматы қаласының әкімінің орынбасарымен бекітілген «Алматы қаласы бойынша вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы иммундау мәселелері бойынша ақпараттық сүйемелдеудің 2024 жылға арналған медиа-жоспары» талаптарын орындау мақсатында өткізілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысына жергілікті мектеп директоры, дін қызметкерлері мен Жетісу аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиология бөлімінің басшысы А.Б.Ибадулла қатысты. Семинар барысында тұрғындарға жоғарыда айтылған тақырып бойынша кең көлемде ақпарат берілді. Тұрғындарды қызықтырған сауалдарға сала мамандары жауап берді. Буклеттер мен парақшалар таратылды.