Городская поликлиника №21 Города Алматы

ru en kk

Время работы

Пн-Пт: 8:00-20:00

Сб: 9:00-14:00

Адрес

+7 (727) 299-36-37 мкр. Карасу
+7 (727) 225-19-75 мкр. Кокжиек
+7 (727) 339-86-38 мкр. Кемел

2023 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН КІМДЕР ҚАНША ТӨЛЕЙДІ?

2023 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН КІМДЕР ҚАНША ТӨЛЕЙДІ?

2022-12-26 Admin

2023 ЖЫЛЫ МӘМС ҮШІН КІМДЕР ҚАНША ТӨЛЕЙДІ? ✅ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН - жалақының 3% мөлшерінде ❗10 ЕТЖ артық емес немесе 21 мың теңге ✅ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, ОНЫҢ ШІНДЕ АҚС ШАРТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР - табысының 2% ❗10 ЕТЖ артық емес немесе 14 мың теңге ✅ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР (ЖК) ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге ✅ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН АЗАМАТТАР НЕМЕСЕ БЖТ ТӨЛЕУШІЛЕР ✔️ Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге ✔️ Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге ✅ ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР 1 ЕТЖ 5% немесе 3 500 теңге ✅ МЕМЛЕКЕТ 15 ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНА КІРЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАЙДЫ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері Мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% -. құрайды* Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы. ❗ МӘМС ЖАРНАЛАРЫ БОЙЫНША СТАВКАЛАР ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ, ТЕК ЖАРНАЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІ ҒАНА ӨЗГЕРЕДІ Достар, жыл сайын МӘМС жарналарының мөлшері өзгеріп отырады. 2023 жылы жарналар мөлшері басқаша есептелетін болады. 🙌 Біз сіздер үшін төлеушілердің әр санаты бойынша ақпаратты алдын-ала дайындадық, сондықтан өзіңіз есептеудің қажеті жоқ. Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жарналарының мөлшері жыл сайын өзгеріп отыратын АЕК және ЕТЖ мөлшеріне тікелей байланысты. Бұл ретте МӘМС жарналары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады, себебі олар «МӘМС туралы» Заңмен бекітілген. ☝🏽 Мысалы, дербес төлеуші бойынша жарналар мөлшерлемесі 1 ЕТЖ-нің 5% - на тең (ең төменгі жалақы мөлшері). Және бұл мөлшерлеме ешқашан өзгермейді. Бірақ соңғы сомаға әсер ететін ЕТЖ мөлшері өзгеретін болады. ✅ Биыл ЕТЖ мөлшері 60 мың теңгені құрады. Демек, МӘМС жарнасының мөлшері 3 000 теңге деп есептелінді. ✅ 2023 жылғы 1 қаңтарда ЕТЖ 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Демек, МӘМС жарнасының мөлшері 3 500 теңгені құрайды. Осылайша, МӘМС-ға жарна төлеушілердің әр санаты бойынша есептелінеді. 🙌😊 Біздің инфографикаларды қараңыз.