Cervical Cancer Prevention Week 2023 - жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында Алматы қаласының №21 қалалық емханасында Ашық есік күні өткізілді.⛑ Осы іс-шара шеңберінде: дәрігерге дейінгі кабинетте 28 адам тексерілді және гипергликемияның 5 жағдайы анықталды, тексеру кабинетінде - 19 емделуші, онколог пен онкогинекологта – 24 адам қаралды, сондай-ақ онкоцитологияға жағындылар алынды және ультрадыбыстық зерттеулер жүргізілді. ✅Анықтама үшін: Жатыр мойны обыры – жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. Бұл –қазақстандық әйелдерде сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі ең көп таралған онкологиялық ауру. Жатыр мойны обырының ең жоғары деңгейі 40-44 жаста. Қазіргі зерттеулер дәлелдегендей, жатыр мойны обырының 90%-ы жатыр мойны эпителийінің дисплазиясын тудыруы мүмкін, жалпы HPV вирусынан-адам папилломавирусынан туындайды. Уақтылы емделмеген жағдайда, мұндай ісік алдындағы жағдай уақыт өте келе безді қатерлі ісікке немесе жалпақ жасушалы карциномаға айналады. Белгілері: Емделушілердің көпшілігінде шағымдар болмайды. Олардың ауруы цитологиялық зерттеу кезінде кездейсоқ анықталады. Кольпоскопия да маңызды рөл атқарады, бұл дәрігерге жатыр мойнын егжей-тегжейлі қарастыруға және дисплазия жағдайларының 90% анықтауға мүмкіндік береді. Кольпоскопияның мақсаты – жатыр мойнының, қынаптың және вульваның қынаптық бөлігінің эпителийін үлкейту арқылы тексеру, дисплазия аймақтарын анықтау және диагнозды растау үшін өзгертілген жерлерге мақсатты биопсия жасау. Сондықтан скринингтік тексерулер өте маңызды. Емі: Аурудың даму сатысына қарамастан, жатыр мойны обыры сәтті емделеді. Ал ерте кезеңде диагноз қойылған кезде ЖМО (жатыр мойны обыры) аурудың 90 немесе одан да көп пайызында емделеді.