Городская поликлиника №21 Города Алматы

ru en kk

Время работы

Пн-Пт: 8:00-20:00

Сб: 9:00-14:00

Адрес

+7 (727) 299-36-37 мкр. Карасу
+7 (727) 225-19-75 мкр. Кокжиек
+7 (727) 339-86-38 мкр. Кемел

Күйзеліс дегеніміз не?

Күйзеліс дегеніміз не?

2023-02-13 Admin

Күйзеліс – бұл пассивтілікпен, баяу ойлаумен, тежелумен, үмітсіздікпен сипатталатын психоэмоционалды жағдай. Күйзеліс психологиялық және физикалық деңгейдегі белгілермен көрінуі мүмкін. ДДҰ мәліметтері бойынша, бұл ауру бүкіл әлемде 300 миллионнан астам адамда кездеседі. Статистика бойынша әйелдер еркектерге қарағанда күйзелістен көбірек зардап шегеді. Күйзелісның әртүрлі түрлері бар. Олар әр адамда әр түрлі, жеке көрінеді. Адамның күйзеліске ұшырағанын қалай түсінуге болады? Адам күнделікті оқиғалардағы жағымсыз сәттерді ғана байқай бастайды, яғни мінез-құлықтың кенеттен өзгеруі байқалады: - көңіл-күйі төмендейді - өмірге деген қызығушылығы жоғалады - өзін-өзі қор санайды - бар нәрседен үмітін үзеді - тәбеті жоғарылады немесе төмендейді - әлеуметтік белсенділік болмайды - өлім туралы ойлар мазалайды. Көбінесе адамдардың қажетті ақпараттардан хабары болмайды және маманға жүгіне алатынын білмейді. Кейбіреулер өздерінің күйзелісте жүргенін білмейді, мамандардың көмегіне сенбейді. Тәуекел тобына өмірдегі оқиғаларға алаңдаушылық реакцияларына бейім адамдар, сондай-ақ бұрын күйзелісте болған адамдар, интроверттер, 60 жастан асқан қарт адамдар жатады. Олардың ішінде өмірдің әртүрлі салаларында (жұмыста, отбасында) шешуін таппай жүрген мәселелері бар адамдар да бар. Сондықтан, егер адам күйзелісті өздігінен жеңе алмаса және мұндай жағдай оны екі аптадан артық жібермесе, дәрігерге бару керек. Маман осы жағдайдан шығуға көмектеседі. Күйзелістің дамуына жол бермеу үшін стресстік жағдайларды жеңуді, қол жеткізуге болатын мақсаттар қоюды үйрену керек. Белсенді және салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Қозғалыс – ең жақсы антидепрессант. Өзіңізге жақын және жағымды адамдармен көбірек сөйлесіңіз. Мейірімді, жақсы қарым-қатынас жағымды эмоциялар мен қуат береді. Эмоцияларыңызды басқаруды үйреніңіз. Бұған психологтар көмектеседі. Өзін-өзі бағалауды арттыру: өзің туралы құрметпен ойлау, позитивті, қадір-қасиетін атап өту. Адамға өзі білмейтін оның шығармашылық әлеуетін ашатын әдістер көмектеседі. Адамды терең мәселелерді түсінуге шақыратын психотерапиялық әдістер (музыкалық терапия, арт-терапия, би терапиясы, ертегі терапиясы) Өзіңізге уақыт бөліңіз (хобби, кітаптар, фильмдер, достарыңызбен кездесу және т. б.) Есте сақтау маңызды: Күйзеліс емделеді және күйзелістен сәтті шығуға болады! № 21 ҚЕ психологы Абдраимова Гүлнар Әлімқалиқызы