Городская поликлиника №21 Города Алматы

ru en kk

Время работы

Пн-Пт: 8:00-20:00

Сб: 9:00-14:00

Адрес

+7 (727) 299-36-37 мкр. Карасу
+7 (727) 225-19-75 мкр. Кокжиек
+7 (727) 339-86-38 мкр. Кемел

Менингит анықтау және оның емі

Менингит анықтау және оның емі

2023-02-13 Admin

Менингит –ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Қоздырғышы граммтеріс диплококк, менингококк. Менингиттің қоздырғышы тыныс алу, жөтелу кезінде ауа арқылы таралады. Осы науқасқа шалдыққан адам менингитті таратудың бірден-бір көзі болып табылады. Орталық жүйке жүйесінің жұқпалы ауруларының ішіндегі аса қауіптісі осы менингит. Бүкіл дүниежүзінде осы науқасқа душар болғандардың 20 пайызы қайтыс болады. ☑️Ауру қоздыратын микроағзалардың түрлеріне және аурудың дамуына қарай: Бактериялы; Вирусты; Мерезді деп ажыратылады. Аурудың даму сипатына қарай: Жедел Созылмалы. Зақымдалу себептері бойынша: біріншілік, екіншілік; Біріншілік менингит деп диагноз қойылады, егерде алғашқы инфекция ошағы табылмаса. Екіншілік менингитте инфекция ошағы болады. Іріңді менингит кезінде -бактериалды зақымдалу байқалады. ☑️Менингиттің тұрақты және негізгі белгісі: бас ауырады, лоқсып құсады, аузы құрғайды, дене қызуы көтеріледі, өңі бозарып, тым көп ұйықтау монотонды жылау жарыққа сезімтал болу жарыққа қарай алмау шүйде бұлшықет региттілігі даусы қарлығады ауру денесінде қызғылт түсті бөртпе пайда болады. Егер бөртпе бір күн ішінде қайта жойылса микробтар қанға түсті деген сөз. ✅Емдеу жолдары: Жоғарыда айтылған белгілер пайда болған жағдайда бірден жедел жәрдем шақыртыңыз. Мүмкіндік болса науқасты тез арада ауруханаға жеткізіңіз. Дәрігерге дер кезінде қаралып, қажетті емді қабылдаған кезде менингит ауруын жеңіп шығуға болады. ✅Алдын алу жолдары: Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Жаңа туған сәбиде болатын туберкулездік менингиттің алдын алу үшін сәбиге туған кезінде арнаулы вакцина егілуге тиіс; Бір жыл немесе одан да кішкентай балалар үшін ішуге бөтелкедегі немесе қайнатылған су берген жөн. Өйткені суда көптеген бактериялар мен вирустар болуы мүмкін; Тұрып қалған су объектілерінде балаларды шомылдырмау қажет: көлдер, су қоймалары және басқа да орындар. Мұндай орындарда міндетті түрде бактериялар болады; Жеміс-жидек пен көкөністерді пайдаланудан бұрын тазалап жуу қажет. Ет және балықты мұқият пісіріңіз; Жеке бас гигиенасын сақтаңыз. Көшеден келгенде, дәретханадан соң, мұқият түрде қолыңызды сабындап жуу керек; Өзіңіздің және балаңыздың иммунитетін күшейтіңіз. Дәрумендер қабылдап, таза ауада серуендеңіз. ❗️Осы нұсқауларды орындаған жағдайда менингиттің алдын алуға болады.