Городская поликлиника №21 Города Алматы

ru en kk

Время работы

Пн-Пт: 8:00-20:00

Сб: 9:00-14:00

Алматыда денсаулық саласы бойынша қоғамдық тыңдалым өтті

Алматыда денсаулық саласы бойынша қоғамдық тыңдалым өтті

2022-12-20 Admin

13 желтоқсан күні Алматы қаласының әкімдігінің бастамасымен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында алғаш рет денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалым өткізілді. Қоғамдық тыңдалымға қала әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Нұржан Узбеханов, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Самат Үмбеталиев, Алматы қаласы әкімінің аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс және терроризмге қарсы комиссия бөлімінің өкілі Данияр Кәрімбаев, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков және үкіметтік емес бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қоғамдық тыңдалымда емханалық және стационарлық көмекті жүзеге асыратын медициналық ұйымдарда көрсететін медициналық көмек көрсету сапасы туралы талқыланды. «Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарының денсаулығын нығайту жолында бірнеше жұмыстар атқаруда. Медицина қызметкерлері күні-түні жұмыс істеп жатыр. Дәрігер операция бөлмесіндегі стол жанында бірнеше сағат бойы тік тұрып, қаншама адам өмірін құтқарып жатыр. Егер дәрігер жұмыс бабында қателіктер жіберіп, заң бойынша арыз-шағымдары болатын болса, объективті түрде сотқа жүгінуге болады. Әлеуметтік желілерге пост жариялап, теріс көзқарасты көбейтудің қажеті жоқ» - деді Басқарма басшысы Иран Шаметеков. Пациент Марат Шаханов денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелері, яғни, медициналық қызметкерлердің жауапсыздығы мен салғырттығы, денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін сақтамау, еліміздің қарапайым азаматтарының денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін медицинаның айналмалы қателігі, медицинада кейбір шенеунік азаматтардың өтініші бойынша ұқыпсыздық таныту, жекелеген медицина қызметкерлерінің кәсібилігінің төмендігі, емдеу диагностикасындағы клиникалық хаттама жалпы кітап болып табылады, бірақ оны әр пациентке қолдану мүмкін емес. Бір емді бірнеше адамға қолдану мүмкін емес. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас дәрігерлері мен басшыларын тағайындау кезіндегі кадрлық саясат әлеуеттін арттыруды және медицинада болып жатқан сыбайлас жемқорлық Отанға деген опасыздық деп санау керек, өйткені мемлекеттің қауіпсіздігі осы саламен тікелей байланысты деп өз ойымен бөлісті. «Караван» газетінің журналисты Владимир Северный: «Мен кез келген жағдайды журналист бола аламын және сенімді түрде сынай аламын. Мен дәрігерлерді БАҚ өкілі ретінде және пациент ретінде құрметтеймін, егер кемшіліктер болса, олардың кәсібилігін бағалаймын. Тек шынайылық пен әділдік арқылы шешуге болады. Медицина қызметкерлеріне денсаулық тілеймін. Дәрігерлер туралы есеп беретін болсам, коронавирус кезінде мені аяғымнан тік тұрғызған осы медицина қызметкерлері. Сондықтан мен дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін. Әрқашан дәрігерлер алтын уақыттарын арнайды» - деп ағынан жарылды. Алматының денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мүмкіндігі жайлы да айтып өтті. Сөз соңында мұндай Қоғамдық тыңдалым тұрақты негізде өткізу туралы ұсыныс жасалынды.