ХАБАРЛАНДЫРУ‼️ Алматы қаласы Жетісу ауданы тұрғындарының назарына❗️ 22.08.2023 жылы сағат 11.00-де №11 қалалық емхана базасында Жетісу ауданының АМҰ - №21 қалалық емханасының ұйымдастыруымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша халықпен есептік кездесу өтеді. Кездесуге Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы қатысады деп күтілуде. Қатысуға барлық ниет білдірушілерді шақырамыз. Сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтар қойып, сауатты жауаптар ала аласыз. Сондай-ақ, есепті кездесуден кейін азаматтарды қабылдау жоспарланған. Мекенжайы: Жұмабаев көшесі 87, №11 қалалық емхана, 3-қабат, акт залы, жаңа ғимарат жағынан кіреді.