Халық арасында ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар) таралуының алдын алу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2024 жылғы 08 ақпандағы №2 “Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы” қаулыға қол қойды, оған сәйкес медициналық ұйымдарда қызметкерлер мен келушілер медициналық маскаларды пайдалануды қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын жерлерде медициналық немесе шүберек маскаларын кию ұсынылады.