Городская поликлиника №21 Города Алматы

ru en kk

Время работы

Пн-Пт: 8:00-20:00

Сб: 9:00-14:00

Алматы қаласындағы №21 қалалық емхананың акушер-гинекологы Гүлзира Дильшатқызы Зунунова жатыр мойны обыры туралы түсініктеме берді.

Алматы қаласындағы №21 қалалық емхананың акушер-гинекологы Гүлзира Дильшатқызы Зунунова жатыр мойны обыры туралы түсініктеме берді.

2023-02-13 Admin

☑️Урбанизация дәуірін, адамдардың денсаулығына жанама әсер ететін экологиялық факторларды ескере отырып, дәрігерлер қазіргі таңда жасарып бара жатқан бірнеше гинекологиялық ауруларды анықтады. Бұл аурулардың ішінде жатыр мойны обыры акушер-гинекологтардың анықтамасы бойынша бірінші орында тұр. Егер бұрын жатыр мойны обыры 45 және одан жоғары жаста тіркелген болса, онда мамандардың айтуынша, қазір жатыр мойны обырының өсуі 30-40 жаста анықталады. ☑️Жатыр мойны обыры (ЖМО) әлемдегі өсіп-өну жүйесі мүшелерінің екінші ең көп таралған қатерлі ісігі болып табылады және әйелдердегі қатерлі ісік өлімінің себептері арасында бірінші орында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 2020 жылғы мәліметтері бойынша жыл сайын 500 мыңға жуық жаңа ЖМО диагнозы қойылады. ☑️2000-2006 жылдары Экономикалық өзара көмек кеңесі (ЭӨКК) елдерінде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша ЖМО ауруының төмендеуі негізінен егде жастағы топтардың есебінен жүреді, ал 30 жасқа дейінгі әйелдер арасында сырқаттанушылық артқан. ☑️Көптеген дамыған елдерде скринингтік бағдарламаларды кеңінен енгізу жатыр мойнының (ЖМ) қатерсіз зақымданулары мен ісікке дейінгі жағдайларын уақтылы анықтауға, тиісті ем жүргізуге мүмкіндік туғызды. 18-20 жастан бастап қыз-келіншектерді скринингтік тексерудің нәтижелері тәуекел топтарын қалыптастыруға және оларды бақылай отырып, оларға қатысты алдыын алу іс-шараларын жүргізу қажет науқастарды анықтауға мүмкіндік береді. ​ ☑️Қазіргі уақытта МСАК қызметінде жатыр мойны обырының ерте сатыларын анықтау бойынша скринингтік іс-шаралар қарқынды жүргізілуде. Жүргізілген скринингтердің нәтижесінде Қазақстанда ЖМО анықталуының өсуі байқалады.