Городская поликлиника №21 Города Алматы

ru en kk

Время работы

Пн-Пт: 8:00-20:00

Сб: 9:00-14:00

Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар

2023-07-03 Admin

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 09 ақпандағы №87 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 14-тармағын орындау мақсатында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімі аппараты қолдауымен Алматыда ағымдағы жылдың 29-30 маусымында «Мемлекеттік тілде медициналық құжаттама жүргізу мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференцияға Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және ономастика орталығының қызметкерлері, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, тіл мамандары, тіл жанашырлары қатысты. Маңызы зор бірлескен іс-шараға Алматы қаласы Жетісу аудандық медициналық ұйымдары қатысып, басшы Ерлан Шаханұлы Құдабаетың үйымдастыруымен конференцияның жұмысына ат салысты. Атап айтқанда, Жетісу ауданына қарасты № 21, 11 емханалар және «Құлагер» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының мамандары қатысты. Конференция барысында Жетісу аудандық медициналық ұйымдары дайындаған медициналық құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізу туралы презентациясы көрсетілді, және де осы тақырыбында басқа да материалдар ұсынылды. Айта кету керек, бүгінгі таңда № 21 қалалық емханада барлық іс –құжаттар, іс номенклатурасы, өндірістік бұйрықтар, мекеме ережесі, кешенді жоспарлары мемлекеттік тілде жүргізілуде. Сонымен қатар, емхана мамандарының қазақ тілінде Бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау қолға алынған. Мемлекеттік тілге қатысты ауқымды жұмыс жасалуда және осы жұмыстардың барлығы емхананың басшысы Ерлан Шаханұлының ұйымдастыруымен іске асуда.