Городская поликлиника №21 Города Алматы

ru en kk

Время работы

Пн-Пт: 8:00-20:00

Сб: 9:00-14:00

Жетісу ауданды санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлайды:

Жетісу ауданды санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлайды:

2024-03-07 Admin

Жетісу ауданды санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлайды: ҚЫЗЫЛША ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ Қызылша – қоздырғышы аспирациялық механизмімен берілетін, қалтыраумен, дақты-папулалық бөртпенің кезеңді пайда болуымен, конъюнктиваның және жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталатын антропоноздық жіті респираторлық вирустық ауру. Қызылша басқа инфекциялардан жоғары контагиоздылығымен және тез таралуымен ерекшеленеді. Қызылшаның жасырын кезеңі 9-17 күнді құрайды, бірақ 21 күнге дейін созылуы мүмкін. Инфекция көзі-сыртқы ортаға вирус шығаратын ауру адам. Науқас адам симптомдар пайда болғанға дейін жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде және терідегі бөртпелер пайда болған сәттен бастап 4 күнге дейін аса жұқпалы. Пневмония түріндегі асқынулар дамығанда вирустың бөліну мерзімі артады. Қызылшамен кімдер ауырады? Қызылша ауруымен ауырғандардың 98% - ы осы инфекцияға қарсы егілмеген және екпелер туралы мәліметтері жоқ, көбінесе балалар, бірақ ересектер де осы жұқпаға бейім. Ұйымдасқан ұжымдарда қызылша топтық ауруларының пайда болу қаупі өте жоғары. Табиғи қызылша инфекциясынан кейін тұрақты иммунитет қалады. Қызылша ауруымен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы қоздырғышқа жоғары сезімтал болып қалады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін! Берілу жолдары: түшкіргенде, жөтелгенде немесе әңгімелесуде ауа-тамшылы жол арқылы беріледі, тіпті қысқа уақыт байланыста жұқтырылуы мүмкін. Қызылша вирусы жабық бөлмелерде тез тарайды, көршілес дәліздерге еніп, басқа қабаттарға желдету құбырларымен қозғалады. Вирус сыртқы ортада өледі, қыздыру, ультракүлгін сәулелендіру кезінде, дезинфекциялау құралдарының әсерінен өз белсенділігін жоғалтады, бірақ жоғары ұшуы бар, сондықтан қызылша қауіпті "ұшпалы" инфекция деп аталады. Қызылша ауыр асқынулармен қауіпті: қызылша пневмониясы, менингит, энцефалит, обструктивті бронхит, ларингостеноз және т.б. Қызылша терідегі дене қызбасы және бөртпемен шектелмейді, әр түрлі ішкі органдарға әсерімен ұзақ ауыр ағымға ие болуы мүмкін, оңалтудың ұзақ кезеңін талап етуі мүмкін. Естеріңізде болсын! Екпе алу – балаңызды қызылшадан қорғаудың ең сенімді әдісі! Қызылшаның арнайы алдын алуы – қызылшаға қарсы екпе алу. Жоспарлы егулер жүргізіледі: - 12-15 айдағы балаларға; - 6 жастағы балаларға . Жоспардан тыс екпелер жүргізіледі: - 6 қарашадан бастап 6-11 айлық балалар қосымша жаппай вакцинациялау (ЖБҚ), ал желтоқсаннан бастап қызылшаға қарсы вакцинация статусына қарамастан 2-4 жас аралығындағы балаларды вакцинациялау жүргізіліп жатыр. -қызылшамен және қызамықпен ауыратын науқаспен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейінгі және эпидемиялық паротитпен ауыратын адаммен тығыз байланыста болған 25 жасқа дейінгі, егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы вакцинацияның екінші дозасын алмаған адамдарға қызылша, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы моновакцинамен екпе алынады. Қызылша вирусының таралуын шектеуге мүмкіндік беретін іс-шаралар: * Науқас бөртпе басталғаннан 4 күнге дейін өз бөлмесінде қалуы тиіс * Егер науқастың шығу қажеттілігі болса, ауыз бен мұрынды жабатын бір реттік маска кию керек. * Науқасқа қамқорлық жасауды ауырып қалған немесе егілген отбасы мүшесі өзіне алған жөн. * Науқасқа жеке ыдыс-аяқ пен сүлгіні бөліңіз. * Күнделікті мұқият ылғалды тазалау және бөлмені міндетті түрде желдету қажет . Қорытындылай келе, егер сізде немесе балаңыздың дене қызуы көтерілсе, мұрын, жөтел және бөртпе пайда болса, дереу дәрігерге жүгініңіз. Қызылшаны дер кезінде емдеу - сізді қауіпті асқынулардан қорғайды. Управление санитарно - эпидемиологического контроля Жетысуского района информирует: Что знаем о кори? Корь – очень опасное острое инфекционное вирусное заболевание, которое характеризуется лихорадкой, интоксикацией, этапным высыпанием пятнисто – папулезной сыпи, энантемой, респираторными симптомами, сыпью, поражением конъюнктивы и верхних дыхательных путей. Корь отличается от других инфекций высокой контагиозностью и быстротой распространения. Скрытый период при кори составляет 9-17 дней, но может затягиваться до 21 дня. Источник инфекции — заболевший человек, который выделяет вирус во внешнюю среду. Больной наиболее заразен на протяжении 2-х последних дней скрытого периода до появления симптомов и до 4-го дня с момента появления сыпи на коже. При развитии осложнения в виде пневмонии увеличиваются сроки выделения вируса. Кто болеет корью? 98% заболевших корью — не привитые против данной инфекции и не имеющие сведений о прививках, чаще дети, но взрослые также подвержены этой инфекции. Очень велик риск возникновения групповых заболеваний корью в организованных коллективах. После перенесённой естественной коревой инфекции остаётся стойкий иммунитет. Лица, не болевшие корью и не привитые против неё, остаются высоковосприимчивыми к возбудителю в течение всей жизни и могут заболеть в любом возрасте! Пути передачи: передается воздушно-капельным путем при чихании, кашле или разговоре, заражение возможно даже при кратковременном контакте. Вирус кори быстро распространяется в закрытых помещениях, проникает в соседние, по коридорам, перемещается на другие этажи по вентиляционным трубам. Вирус погибает во внешней среде, теряет свою активность при нагревании, ультрафиолетовом облучении, под влиянием дезинфицирующих средств, но обладает высокой летучестью, поэтому корь называют опасной «летучей» инфекцией. Корь опасна тяжелыми осложнениями: коревой пневмонией, менингитом, энцефалитом, обструктивным бронхитом, ларингостенозом и другими. Вопреки нередкому мнению корь не ограничивается температурой и высыпаниями на коже, а может иметь длительное тяжелое течение с выраженным влиянием на различные внутренние органы, требовать длительного периода реабилитации. Помните! Прививка — самый надежный способ уберечь своего ребенка от кори! Специфическая профилактика кори — вакцинация противокоревой вакциной. Плановые прививки проводятся: - детям в 12 - 15 месяцев; - детям в 6 лет . Внеплановые прививки проводятся: - с 6 ноября дополнительной массовой иммунизации (ДМИ) подлежат дети в возрасте 6-11 месяцев, с декабря – дети в возрасте 2-4 лет независимо от прививочного статуса кори. -лицам в возрасте до 30 лет, находившимся в тесном контакте с больным корью и краснухой и до 25 лет с больным эпидемическим паротитом, не привитым, без данных о привитости или не имеющих второй дозы вакцинации против данной инфекции. Мероприятия, позволяющие ограничить распространение вируса кори: • Больной должен оставаться в своей комнате до 4-го дня от начала высыпаний. • Если у больного есть необходимость выйти, то следует надевать одноразовую маску, закрывающую рот и нос. • Желательно, чтобы заботу о больном взял на себя переболевший или привитый член семьи. • Выделите больному отдельную посуду и полотенце. • Необходимо ежедневно делать тщательную влажную уборку и обязательно проветривать помещение . В заключение, напомним еще раз, что если у вас или у вашего малыша поднялась температура, появился насморк, кашель и сыпь, то немедленно обращайтесь к врачу. Вовремя начатое лечение кори убережет вас от опасных осложнений. Главный специалист УСЭК Жетысуского района Құдасбек А.А.