Жүктілік әйелге қосымша қорғаныс қажет болатын ерекше жағдайлар санатына жатады. Жүктілік кезіндегі жіті респираторлық аурулар (ЖРА) жүктілік мерзіміне, ЖРА ағымының ауырлығына байланысты әртүрлі асқынуларға әкелуі мүмкін. Физиологиялық өзгерістерге байланысты жүктілік кезінде иммунитеттің физиологиялық төмендеуіне және вирустың плацентарлы тосқауыл арқылы енуіне байланысты асқынулардың жиілігі бірқатар асқынуларға әкелуі мүмкін: жатырішілік инфекция, жатырішілік дамудың тежелуі (ЖІДТ), плацентарлы жеткіліксіздіктің дамуы (ПЖД). Осыған байланысты жүкті әйелдерде ЖРА алдын алу және емдеу жылдың күзгі-көктемгі кезеңіндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алдын алу мәселесінде барлығына қол жетімді қарапайым ұсыныстар көмектеседі: - ауа райына сәйкес киіну керек. - жүкті әйел эпидемия кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде - көлікте, метрода, дүкендерде және ауруханаларда болудан бас тартқан дұрыс. - үйден шықпас бұрын ықтимал инфекцияның алдын алу үшін қорғаныс респираторлық бетпердесін кию керек. - қол гигиенасын сақтау. - тамақтану режимі (дәрумендермен байытылған және термиялық өңдеуден өтпеген жемістер мен көкөністерді жеу өте маңызды). - ұйқы режимі мен ұзақтығын сақтау. - тұрғын үй-жайда тазалықты сақтау (желдету, дымқыл шүберекпен сүртіп тазалау). 2019 жылғы тұмау және ЖРВИ хаттамасы бойынша емдеуді терапевт-дәрігер жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекпен емдеу қолданылады. Дәрі-дәрмексіз емдеу: - қызба кезеңіне төсек режимін сақтаған дұрыс, содан кейін интоксикация белгілері басылғанда ғана таза ауада көбірек серуендеу керек; - диета сақтау – шай, жеміс-көкөніс шырындары, жеміс-жидек сусындары, таза ауыз су түрінде тәулігіне дене салмағының 20-40 мл/кг мөлшерінде мол сусын ішіп, жеңіл сіңімді тағам жеген дұрыс.