№ 21 қалалық емханада "Аса қауіпті жұқпалы аурулар» тақырыбында кейіннен сертификаттаумен семинар сабағы өткізілді. Аталған іс-шараны эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Ибадолла Әйгерім Балтабайқызы және бас маман Джурунова Қарлығаш Серікқызы өткізді. Аса қауіпті инфекциялар - кенеттен пайда болатын және қысқа уақытта халықтың басым бөлігін қамтитын жоғары жұқпалы аурулар. АҚИ ауыр клиникамен жүреді және өлім-жітім көрсеткішінің жоғары болуымен сипатталады. Қазіргі уақытта «аса қауіпті инфекциялар» түсінігі халықаралық деңгейде денсаулыққа аса қауіп төндіретін жұқпалы ауруларды білдіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аса қауіпті инфекциялар тізіміне қазіргі уақытта 100-ден астам ауру кіреді. Карантиндік инфекциялардың тізімі анықталды. Карантиндік инфекциялар тізімі: 1. полиомиелит 2. оба (өкпе түрі) 3. тырысқақ 4. шешек 5. сары безгегі 6. Эбола және Марбург 7. тұмау (жаңа түрі) 8. жедел респираторлық синдром (SARS) немесе Sars. Халықаралық бақылауға жататын аса қауіпті инфекциялардың тізімі: 1. іш сүзегі және қайталанатын безгегі 2. тұмау (жаңа түрлер) 3. полиомиелит 4. безгек 5. тырысқақ 6. оба (өкпе түрі) 7. сары және геморрагиялық қызбалар (Ласса, Марбург, Эбола, Батыс Ніл)