Городская поликлиника №21 Города Алматы

ru en kk

Время работы

Пн-Пт: 8:00-20:00

Сб: 9:00-14:00

Алматы қаласының №21 қалалық емханасының қызметкерлері, атап айтқанда балалар фтизиатры және СӨС мейіргері Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық шара аясында 2023 жылы 13 наурызда №193 және №177 жалпы білім беретін мектептер базасынд

Алматы қаласының №21 қалалық емханасының қызметкерлері, атап айтқанда балалар фтизиатры және СӨС мейіргері Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық шара аясында 2023 жылы 13 наурызда №193 және №177 жалпы білім беретін мектептер базасынд

2023-03-14 Admin

Аталған шара 75 оқушыны қамтыды. "Біз туберкулезді тоқтатамыз", "Туберкулездің алдын алу", "Туберкулезді диагностикалау" тақырыптарында оқушыларға кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар, №177 жалпы білім беретін мектеп базасында балалар фтизиатры мен психологының қатысуымен «Туберкулез дегеніміз не?» тақырыбында шығарма жазылды. Оқу орнының қызметкерлері мен оқушылары үшін «Туберкулез туралы не білу керек», «Туберкулездің алдын алу», «Денсаулық сабақтары» тақырыптарында ақпараттық кітапшалар таратылды.

Осы іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаты: алдын алу іс-шараларын күшейту және оқушыларды туберкулездің алғашқы белгілері туралы хабардар ету, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығын, емдеудің тиімділігін түсіндіру, алдын алу іс-шараларын күшейту, туберкулез туралы ақпаратты оқушыларға қолжетімді түрде жеткізу.

Туберкулез – бұл тыныс алу органдарына, сондай-ақ дененің барлық мүшелері мен жүйелеріне әсер ететін туберкулез микобактериялары тудыратын созылмалы жұқпалы ауру. Инфекция көзі – туберкулезбен ауыратын адамдар. Тарату жолдары – ауа тамшылары.

Туберкулез ауруын диагностикалау үшін туберкулин сынамалары арқылы инфекцияны анықтау маңызды, ал 12 жастан бастап балалар үшін флюорография жасау да маңызды болып табылады. Туберкулездің алдын алу үшін өте маңызды: салауатты өмір салтын ұстану, санитарлық-гигиеналық ережелерді қатаң сақтау: тамақтанар алдында қолды жуу, жуылмаған көкөністер мен жемістерді, сондай-ақ санитарлық бақылаудан өтпеген сүт өнімдерін жемеу, толық тамақтану, спортпен шұғылдану, денсаулық жағдайындағы өзгерістерге назар аудару. Туберкулездің алдын алудың маңызды сәті – патогендік бактериялар баланың денесіне енген кезде оң нәтиже беретін Манту сынамасын жыл сайын қою.