Дәрігердің ең бірінші мақсаты- ол ауруды анықтау және науқастарды емдеп жазу. Мен фтизиатр болып жұмыс жасағаныма біраз жыл өтті, осы жылдар аралығында көптеген науқасты емдеп жаздым. Туберкулезді емдеу өте ұзақ және күрделі жұмыс. Бұл саладағы медицина мамандарының басты міндеттерінің бірі – науқастардың сауығып кеткенше тұрақты ем алуын қамтамасыз ету. Жақсы фтизиатр болу үшін жақсы психолог болу керек. Әйтпесе, сіз өзіңіздің пациенттеріңізді түсініп, оларға қол жеткізе алмайсыз. Науқастарға барлығын жақсылап түсіндіріп, нақты мысалдар көрсетіп, олардың сеніміне кіріп, олардың жан серігіне айналу керек. Туберкулез диагнозы – бұл эмоционалдық күйзеліс, психологиялық соққы, науқастар өмір сүру үшін сіздің көмегіңізге мұқтаж. Туберкулез жақсы емделеді, қорқудың қажеті жоқ. Жалғыз жаман нәрсе - емдеу ұзаққа созылады, соғұрлым мотивация маңыздырақ болады. Соған орай мынадай озімнің тәжірибемде кездескен мысалдарды жаза кетейін: 1. Науқаста "Жайылған туберкулез: Мультидәріге төзімді өкпе туберкулезі және туберкулезді менингоэнцефалит, "Басқалар" типі" диагнозымен 24 ай емделді, емінің 8айын стационарда алды, жүре алмай төсек тартып жатқан, 8айдан соң, орнынан аздап тұрып жүре бастаған соң, үйіне шығарылды, емін видеобақылау арқылы жалғастырды, 24 айдан соң емі сәтті аяқталып, жағдайы жақсарып, қалыпты өмір сүру деңгейіне қосылды. 2. Науқас бұрын өкпе туберкулезімен ауырып емделген, емі біткен соң шетелге (Индияға) барып жұмыс жасаған, 2жылдан соң, жағдайы өте жаман, кахексия жағдайында келіп, Екі өкпенің шоғырлы туберкулезі, МБТ(+)МДТ ТБ "Рецидив" типі диагнозы қойылып ауруханаға жатқызылды, қақырық жағындысы теріс нәтижеге ауысып, бактерия бөлуі шектелгенде, амбулатория әрі қарай емін жалғастырды, 20 ай емнен соң, ауруынан айығып, өкпесіндегі ошақтар сорылып, қатайып, салмақ қосып, жағдайы жақсарып, жазылды. Алматы қаласы №21 қалалық емхананың фтизиатр – дәрігері Жандарбекова Улжан Исатаевна